Астана — қазақ елінің төртінші астанасы (1998)
1997 ж. 20 қазанда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы»жарлыққа қол қойды. 1998 жылдың 6 мамырда Ақмола қаласын Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы — Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Сол жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды.
Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа сұлулығы ерекше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады. Астананаң болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ.
Астана-Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік,экономикалық мәдени орталығы және елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала.
Қазір Астана-Егеменді Қазақстан Республикасының астанасы болып саналады.
Астана 20-шы ғасырдың ең жас астанасы ретінде тарихқа енді. Ол өте көркем қала.
Достарыңызбен бөлісу: |