Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы



бет26/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ

Бақылау сұрақтары:

  1. Бауырыменжорғалаушылардың жалпы сипаттамасы

  2. Бауырыменжорғалаушылар класының систематикасы

  3. Кесірткенің сыртқы қурылысы

  4. Кесірткенің тері жабындысы

  5. Бауырыменжорғалаушылардың тыныс алу мушесі

  6. Бауырыменжорғалаушылардың қанқасы

  7. Бауырыменжорғалаушылардың асқорыту жуйесінің ерекшелігі

  8. Тасбақалардың ерекшелігі

  9. Жасырынмойынды тасбақалардың қурылыс ерекшелігі

  10. Дала тасбақасын ерекшелігі

  11. Кеселдер туқымдасының ерекшелігі, өкілдері

  12. Нағыз кесірткелер туқымдасының ерекшелігі. өкілдері

  13. Жыландардың қурылыс ерекшелігі

  14. Жыландардың систематикасы



Әдебиеттер тізімі:
1. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. Ч.1,2. М., 1979.
2. Наумов С.П. Зоология позвоночных. М., 1973.
3. Бобровский Н.А. и др. Курс зоологии. Т.2. Хордовые. М., 1966.
4. Карташев Н.А. и др. Практикум по зоологии позвоночных. М., 1969.
5. http//www.library.intra.ru- электрондық кiтапханалық қор
6. http//www.referat.kulichku.net
7. http//www.NLRK.kz-ІР Ұлттық кiтапхана
11 дәріс – Тақырыбы: Қазақстан герпетофаунасы.

1. Бауырмен жорғалаушылардың шығу тегі мен эволюциясы.


2. Бауырмен жорғалаушылардың экологиясы.
3. Таралуындағы ерекшеліктер.



Көбеюi. Жыныс бездерi дене қуысында омыртқа жотасының екi жақ бүйiрiнде орналасқан. Аталық бездерi мен аналық жұмыртқалары жұп. Еркектерiнде шағылысу мүшесi (копулятивтi) болады. Жыныс диморфизмi еркектерi мен ұрғашыларында сыртқы реңi (окраска) немесе үлкендi-кiшiлiгiмен ажыратылады. Еркектерiнiң екi дөңгелек ұрық безi (два семенника), екi ұрық безiнiң қосалқы (придатка семенника), екi ұрық өткiзгiшi (вольфов каналы) және шағылыс мүшесi болады. Ұрғашыларында екi аналық жұмыртқа және клоакаға барып қосылатын екi жұмыртқа жолы (мюллеров каналы) болады. Ұрықтану тек қана ұрғашысының iшiнде өтедi. Бауырымен жорғалаушылар жұмыртқа арқылы көбейедi. Олардың жұмыртқалары қоректiк сары уызға бай, ұрық осы уыздың есебiнен өсiп жетiледi, содан кейiн ересек түрiне ұқсас бала жарып шығады. Жетiлген аналық жұмыртқа жолының воронка тәрiздi ұшына түседi. Ұрғашы және еркектiң гаметалары жұмыртқа жолының жоғарғы жағында қосылып ұрық (зигота) түзейдi. Ұрық жұмыртқа жолымен жылжи отырып, оның орта кезiнде белокты қабыққа оралады, ал ұрық жолының артқы жағында известi сiңген қатты қабығы пайда болады.
Жыландар мен кесiрткелердiң кейбiр түрлерiнде ұрғашылары партеногенетикалық жолдармен көбейетiнi байқалып жүр. Мұндай жолдармен көбейетiн бауырымен жорғалаушылардың түрлерiнде еркегi болмайды. Көбеюдiң мұндай жолдары толығымен жер бетiнде тiршiлiк етуiне тығыз байланысты.
Дамуы. Тура дамиды. Бауырымен жорғалаушыларда личинка болмайды. Олардың кейбiр түрлерiнде ұрық ұрғашысының жыныс жолдарында дамып, жұмыртқа сыртқа шыққанда бiрден iшiнен жетiлген бала шығады, демек мұндай түрлер үшiн (жұмыртқадан жетiлiп туу) жұмыртқадан тiрi туушылық (яйцеживородящие) тән сипат алады. Мысалы, жұмыртқадан жетiлiп туу таулы аудандарда, солтүстiк суық жерлерде тiршiлiк ететiн бауырымен жорғалаушылардың арасында кең таралған (медянка, тiрi туатын кесiртке, тибетская круглоголовка, теңiз жыландары т.б.). Бауырымен жорғалаушылардың арасында көпшiлiк тiршiлiгiн судың iшiнде өткiзсе де (крокодилдер, көптеген тасбақалар, кейбiр жыландар) жұмыртқа салу мен дамуы тек құрлықта өтедi.
Шығу тегі: Алғашқы омыртқалы жануарлар девон дәуірінде пайда болған. Олар саусаққанатты балықтардың жақын тегі стегоцефалдар, немесе сауытты амфибилер еді. Олар көпшілік уақыттын су қоймасында өткізген. Бірақ тіршілік еткен су қоймасы құрғап қалған жағдайда жақын жердегі басқа су қоймасында жылжып бара алатын және құрлықта бірсыпыра уақыт бола алатын қабілеті болған. Олардың бір мезгіл құрлықта болуына тас көмір дәуірінің біркелкі жылы, дымқыл ауа райы әсер еткен. Тас көмір дәуірінің соңғы кездерінде құрлықта ауа райы өзгерген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет