Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы



бет34/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ

Бақылау сұрақтары:
Құстар немен қоректенеді?
Құстардағы безді қарынның қызметі қандай?
Құстардағы етті қарынның қызметі қандай?
Құстардағы асқорытуға қатысатын бездерді атаңыз?
Тауықтың асқорыту мүшелерінің жорғалаушылардың асқорыту мүшелерінен айырмашылығы неде?
Дәм сезу мүшесі қалай жетілген?


Әдебиеттер тізімі:
1. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. Ч.1,2. М., 1979.
2. Наумов С.П. Зоология позвоночных. М., 1973.
3. Бобровский Н.А. и др. Курс зоологии. Т.2. Хордовые. М., 1966.
4. Карташев Н.А. и др. Практикум по зоологии позвоночных. М., 1969.
5. http//www.library.intra.ru- электрондық кiтапханалық қор
6. http//www.referat.kulichku.net
7. http//www.NLRK.kz-ІР Ұлттық кiтапхана
16 дәріс – Тақырыбы: Құстар әлемі

1.Мекен аймаққа тәуелділік сипаты.


2.Құстардың биоценоздағы мәні..

Құстар – омыртқалы жануарлар iшiнде жоғары сатыда дамығандардың бiрi. Денесi қауырсынмен жабылған, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Дамудың келесi сатысында құстардың ұшу қабiлетi жетiле түстi. Бұл қасиет қанаттыларға дүние жүзiне кең таралуына мүмкiндiк бередi. Сөйтiп тiршiлiкке қолайлы құрылықты да, суды да, ауаны да жайлады. Құстарға маусымдық көшiп отыру тән сипат, олардың iшiнде жыл құстары ерекше көзге түседi. Сол сияқты құстардың iшiнде отырықшы және көшiп жүретiн де тобы бар. Құстың әртүрлi бiрнеше түрлi биогеоценозда тiршiлiк етуi мүмкiн. Әрине құстардың көптеген түрлерi орманда тiршiлiк етедi. Олар сонда тiршiлiк ете жүрiп өсiмдiк тектес, жануар тектес азықтармен қоректенедi. Олардың бiрқатар түрлерi жемдi талғап жесе, ал екiншiлерiнiң азыққа талғамы аз байқалады. Құстар ұяларын ағаш қуыстарына, ағаш бұтақтарына, жерге салады. Далалы жердiң құстары – шалғынды, дала, шөл және шөлейт жерлерде – ұяны жерге салады. Таулы, қыратты жерлерге биiк құздарға салады.


Құстардың адамның рухани өмiрiнде алатын орны зор. Адам құстарды клеткаларда ұстап өзiне жақындатуға тырысады. Алайда адамдар ең алдымен құстардың шаруашылық және практикалық маңызына мән бередi. Құстар ауыл және шаруашылығы үшiн зиянды жәндiктер мен кемiргiштердi жеп санын елеулi дәрежеде азайтушылар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет