Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы



бет33/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ

Бақылау сұрақтар:
1. Бауырымен жорғалаушылар мен құстардың ұқсастықтары.
2. Құстардың арғы атасы болуы мүмкін рептилийлердің сипаттамасы.
3. Археоптерикс пен құстардың құрылысындағы ортақ белгілер және айырмашылықтар. Археоптериксті нелiктен құстардың тікелей арғы тегі демей, тек олардың эволюциясындағы бүйiр тармағы деп есептейді?
4. Құстардың арғы тегі деп санауға мүмкiндiк беретiн протоавистің сипаттамасы
5. Борлы құстардың: галорнистің, ихтиорнистің, гесперорнистің және т.б. сипаттамасы.
6. Борлы кезеңнің соңы мен үшінші кезеңнің басындағы құстардың адаптивтік радиациясы және қазіргі құстардың пайда болуы.
7. Қазiргi қырсыз төстілер құстардың, моа және эпиорнистердің жүйедегі орны.
8. Пингвиндердiң филогенетикалық байланыстары.
Әдебиеттер тізімі:
1. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. Ч.1,2. М., 1979.
2. Наумов С.П. Зоология позвоночных. М., 1973.
3. Бобровский Н.А. и др. Курс зоологии. Т.2. Хордовые. М., 1966.
4. Карташев Н.А. и др. Практикум по зоологии позвоночных. М., 1969.
5. http//www.library.intra.ru- электрондық кiтапханалық қор
6. http//www.referat.kulichku.net
7. http//www.NLRK.kz-ІР Ұлттық кiтапхана
15 дәріс – Тақырыбы: Құстардың тектік формалары.

1. Қорегі.


2. Көбеюі.
3. Түлеу.

Ауыз қуысы құстың тұмсығынан басталады. Құстардың қоректену тәсіліне байланысты тұмсығының пішіні де әртүрлі болады. Мысалы, дәнмен қоректенетіндерде шұқып жеуге икемделген біз тұмсықтан, ал бірқазандарда ұстаған балықтарын салатын «қалтасы» болады. Ауыз қуыстарындағы жақтарында тістері болмайды.


Құстардың асқорыту жүйесiнің күрделілігімен және дифференциалданатындығымен ерекшеленеді. Бауырымен жорғалаушылардан айырмашылығы: құстардың тiстерінің болмауы, мүйiздi тұмсықтың болуы, өңеште жемсаудың болуы, асқазанның екi бөлiмнен (безді және бұлшықеттi) тұруы, iшектерінің жіктелмеуі.
Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан және жұтқыншақтан басталады, одан ары қарай ұзын, жұқа қабықты түтік - өңешке жалғасады (95-шi сурет). Ол көптеген жыртқыш және дәнмен қоректенетін құстардың мойындарында жуандап, жемсауға айналады, оның ішінде жұтылған тағам біраз уақыт өңделеді. Көгершіндердiң жемсауының қабырғалары балапандарын асырау кезеңінде майлы сүзбе сияқты заттар бөлінеді – бұл құстар балапандарын асырайтын затты «сүт» деп атайды.
Өңеш жұқа қабырғалы безді асқазанға барады, бұл жерде ас асқорыту бездері бөлетін ферменттердің әсерінен химиялық өңделеді. Бұдан ары қарай бұлшықеттi асқазанға түсіп, азық механикалық өңдеуден өтеді.
Азықтың үгітілуіне көптеген өсiмдiкқоректі құстар жеген майда тастар мүмкiндiк туғызады. Бұл тастар ұзақ уақыт бұлшықеттi қарында болады. Ас бұлшықеттi қарыннан ішектің ұзын жұқа он екі елі ішектен басталатын бөлiмiне түседі. Бұл iшектiң түйіскен жерінде ұйқы безі жатады. Ұйқы безін он екі iшектен сәл ары жылжытып, бұл бездiң ішекке енетін үш қуысын көруге болады. Бауырымен жорғалаушыларға қарағанда, құстардың аш ішектері ұзындау болып келеді. Жамбас облысында аш ішек салыстырмалы жуандау болатын бөлімге айналады, жуан және тік iшек деп дифференциалданбайды. Құстардың көпшiлiктерiнде жіңішке және жуан ішектер бөлiмдері арасында екi шағын соқыр өсiндiлері болады. Соңғы iшек клоакаға ашылады.
Бауыры үлкен, екi бөлімді. Өт (көгершiнде болмайды) құстардың көпшiлiгiнде болады. Өт жолдары он екі елі ішектерге ашылады. Бұл жолдарды (олар екеу) бауырдың екi бөлімінде төбеге көтеру арқылы көруге болады.
Құстардың ауыз қуысының түп жағына тілі бекиді. Оның формасы алуан түрлі болып келеді. Мысалы, жыртқыш құстардың тілі қысқа, әрі қатты болса, қаздардың тілі — етті, жалпақ, тоқылдақтардың тілі — өте ұзын, жіңішке болады. Оның үстіндегі желім тәрізді заты қоректік заттарын тез жабыстырып алады. Сілекей бездері де түрліше дамыған. Дәм сезетін бүршiктердiң құстардың тiлiнде емес, таңдайында, тiлінің астында және жұтқыншақта орналасқан. Дәм сезу құстарда едәуiр дамыған: құстар тәттi, тұзды, қышқылды сезе бiледi, ал құстардың кейбiр түрлерi ащыны да сезеді
Құстардың көптеген түрлерінде тiлі рудиментті және ауа өткізуші жолдарының изоляциялары ретінде қызмет атқарады: суқұзғындардың тiлi, бiрқазан, олушалар, балықшы құстар, сасыққөкек, түйеқұстар және кейбiр дауылпаздар. Кейбір түрлерінде тiлдері мынадай қызметтерді атқарады: құс өзінің жемтігін ұстағанда, тілі таңдайға тіреліп, мұрын қуысы арқылы тыныс алуына мүмкіндік жасайды.
Құстардың дамуы эволюциялық бұрын қалыптасқан рептилилер секілді жартылай сыртқы ортада дамиды. Даму циклінде, эмбриогенез кезеңінде олардың ұқсастықтары өте көп. Дегенмен, тек құстарға тән ерекше қасиеттерді де атап кету керек. 1. Құстардың барлығы жұмыртқа салу арқылы көбейеді (Рептилиялар арасында тірі туу кездеседі). 2. Құстардың жұмыртқасы 3 қабықтан тұрады және сыртқы қабығы үнемі қатты, ізбесті. 3. Эволюциялық тұрғыда жоғарырақ дамыған құстардың ұрпақтары туа-біте еркін, өздігінен қорек табуға бейімді болады (бұл барлық құстарға тән емес: құстар арасында әлсіз, үрпек, қызыл шақа етіп пайда болатын түрлері басым). Құстардың ерекше қасиеттерінің тағы бірі: ересектері балапандарын міндетті түрде бірігіп (сирек жағдайда біреуі) қоректендіреді. Өте сирек жағдайда жұмыртқасын басқа құстарға тастап кетеді (көкек). Әйтсе де, ол балапанның қоректенуін «асырап алған» ата-аналары қамтиды. Ұшу қабілетіне байланысты, балапандар жетілген кезінде аталығы мен аналығы осы қасиетке де, қорек табуды да, қорғануды да және тағы басқа да рефлекстер мен инстинкттерді қалыптастырады. Жалпы айтқанда, құстардың жұмыртқадан шығуы – эволюциялық даму кезіндегі ең қолайлы жолы.
Қалыптасқан жұмыртқа күрделі дене болып саналады. Әдетте нағыз жүмыртқа деп оның ішіндегі сары уызын айтады. Жұмыртқаның басқа қосымша бөлімдері (мысалы белок) жүмыртқа безінде емес, жұмыртқа жолында пайда болған қабаттары деуге болады
Құстардың даму сатысында бұршақ пішінді, бірнеше ооциттері сол жақ аналық безiнің бетіне шығып тұрады. Жетілген, қоректік заттардың мол қоры бар жұмыртқа жасушасы (фолликула) жұмыртқа қабының қабығын тесіп шығып, жұмыртқа өткiзгiштiң кең воронкасына түседі. Осы жерде ұрықтану жүзеге асады. Пайда болған зигота (жұмыртқа) жұмыртқа өткiзгiш бойымен 24 сағаттың ішінде барлық жұмыртқа қабығымен қапталады, жұмыртқаның бөлінуі жүзеге асып, ұрық бластула кезеңінен өтедi. Жұмыртқа деп - негізі жұмыртқаның өзін емес, ішіндегі сарыуызын атайды. Ол жұмыртқа қабында пайда болған біріншілік қабықпен қапталған, оның бетiндегі анимальды полюсте ұрықтық диск, ал қарама-қарсы -вегетативтi - полюсте құнарлы заттардың қоры болады. Жұмыртқа өткiзгiштің ең ұзын бөлімінде ақуыздық қабық түзіледі. Ақуыз ерекше бездер арқылы бөлініп шығып, сарыуыздың сыртын баяу 4 сағат бойы қаптайды. Келесi, өте тар, жұмыртқа өткiзгiштің бөлiмiнде жұмыртқа екi талшықты қабықастылық жұқа қауызбен қапталынады. Жұмыртқа өткiзгiштің тар бөлiмiнен шығар жерінде, жұмыртқа бiрiншi 5 сағаттық аялдау кезеңінде болады. Оның бұл жерде салмағы артып, ісінеді, ішіне қауыз астындағы қабықтарды тарта отырып, суды бойына жинайды. Содан соң жұмыртқа жұмыртқа өткiзгiштің келесі бөлiмiне – қауыз безіне өтедi. Қатты қауызды қабық 15-16 сағатта баяу қалыптасады. Қауыз осы жерде әр құстың өзіне тән түсіне сәйкес боялады. Жұмыртқа сыртынан жұқа қауызастылық қабықпен немесе бактерия жойғыш заттың қабаты болып табылатын кутикуламен қапталады. Жұмыртқа осы қалпында клоака арқылы ұяға түседі. Жаңа туылған тауық жұмыртқасының массасы шамамен 60г болады.
Түлеу – жануарлардың даму кезіндегі жас ерекшеліктеріне, маусымдық өзгерістерге байланысты және тіршілігінде тұрақты түрде жүріп отыратын биологиялық процесс.
Түлеу кезінде жануарлар терісінің сыртқы эпидермис қабаты, терінің қосалқы түзілістері (кутикуланың, қабыршақтардың, қауырсындардың және түктердің) белгілі бір уақыт аралығында ауысып тұрады. Жануарлардың түлеуі олардың организмінің даму қабілетіне, жасына, гормондық жағдайына, сондай-ақ қоршаған ортаның әсеріне (мысалы, температура, т.б.) байланысты. Әрбір түлеу аралығын – түлеу кезеңі, ал сол кезеңдегі жануарлардың дамуына кеткен уақытты – түлеу жасы деп атайды.
Түлеу, әсіресе, денесі тығыз хитинді затпен қапталған омыртқасыз жануарларда, соның ішінде буынаяқтыларда (шаянтәрізділер, т.б.) айқын байқалады. Түлеп түскен қатты хитинді жабын қайта түзілгенше жануарлардың (әсіресе дернәсілдің) дене мөлшері қарқынды түрде өседі. Жәндіктердің көптеген түрлерінің дернәсілдерінің түлеу саны үнемі тұрақты болады. Мысалы, көбелектердің дернәсілінде (жұлдызқұртында) – 5, шыбындардың дернәсілінде – 3, ал біркүндіктер мен көктемдіктердің дернәсілінде – 25 – 30 рет қайталанады. Омыртқалылардың түлеуінде біраз ерекшеліктер байқалады. ыландар түлеген кезде сыртқы қабыршақтары басынан бастап, бірте-бірте денесінен тұтасымен, ішінен сыртына қарай сыдырылып түседі. Түлеу кезінде терінің сыртқы қабатындағы тіршілігін жойған клеткалар ауысады да, терінің түсі өзгеріп, жылу реттеу қабілетінде де өзгерістер байқалады. Тасбақалар түлемейді, олардың терісінің сыртындағы мүйізді сауыттар үнемі өсіп отырады. Құстардың түлеуі кезінде ескі қауырсындар түсіп, оның орнына жаңа қауырсындар шығады, салмағын азайтады. Олардың түлеуі көбінесе балапан басып шығарған соң байқалады, алдымен қораздары, кейбір түрлері жеке-жеке (торғайтәрізділер, тауықтәрізділер) түлейді. Ал қазтәрізділер үлкен топ құрып, қанат қауырсындарын бір мезгілде түлеп, ауыстырады. Бұл кезде олар ұша алмайды, сондықтан адам бармайтын жерлерде шоғырланып жасырынады. Құстардың кейбір тобында қауырсындары (бағыттаушы және қағатын) бір уақытта түседі, бұл кезде олар ұшу қабілетін біраз уақытқа жоғалтады (мысалы, үйректер – 20 – 35 күнге, аққулар – 1,5 айға). Құстардың жыл маусымдарына байланысты түлеуі кезінде қауырсындарының тығыздығы да өзгереді. Сүтқоректілердің түлеуі кезінде түктерін жыл маусымдарына қарай ауыстырып тұратындықтан түгінің түсі де, тығыздығы да өзгереді. Мысалы, ақбөкендер жазда сарғыш қызғылт, ал қыста ақшыл бозғылт түске енеді. Қысы суық, жазы ыстық болатын жерлерде тіршілік ететін жануарлар тез, ал тропиктік және жартылай суда тіршілік ететін жануарлар (ондатр, саз кәмшаты, калан) біртіндеп түлейді. Сүтқоректілердің көпшілігі жылына 2 рет (көктемде және күзде), мыс., тиін, түлкі, т.б.; көртышқандар 3 рет, кейбір түрлері (түлендер, суырлар, сарышұнақтар) 1 рет түлейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет