Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы



бет30/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ

Бақылау сұрақтары:

  1. Құстардың қурылыс ерекшелігі

  2. Құстардың қанқасы

  3. Құстардың систематикасы

  4. Пингвиндердің ерекшелігі

  5. Қырсыз төсті қустардың қурылысы

  6. Қырсыз төсті қустардың систематикасы



Әдебиеттер тізімі:
1. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. Ч.1,2. М., 1979.
2. Наумов С.П. Зоология позвоночных. М., 1973.
3. Бобровский Н.А. и др. Курс зоологии. Т.2. Хордовые. М., 1966.
4. Карташев Н.А. и др. Практикум по зоологии позвоночных. М., 1969.
5. http//www.library.intra.ru- электрондық кiтапханалық қор
6. http//www.referat.kulichku.net
7. http//www.NLRK.kz-ІР Ұлттық кiтапхана
13 дәріс – Тақырыбы: Құстардың шығу тегі, экологиясы және маңызы.
1. Орнитологияның дамуында орыс және Кеңес ғалымдарының ролі.
2. Қазақстан Республикасының орнитофаунасы.


Орнитология – зоологияның жақсы зерттелген саласы. Орнитологияның негізінде зоолагия жүйеленім, генетика, эмбриология, экология, т.б. көптеген ғылым салалары бойынша маңызды құнды қорытындылар жасалды. Мысалы, Жер шарының құрлықтарға бөлінуін географ ғалымдар құстардың таралуы мен қоныс аударуын есепке ала отырып жасаған. Қазір дүние жүзінде Неміс орнитология қауымдастығы, Британия, Америка құс зерттеу орталықтары, Мумбай (Үндістан) орнитол. қоғамы, т.б. халықар. ұйымдар ғылыми жұмыстар атқаруда. Қазақстанда құстың 493 түрі анықталып, оның 390 түрі жаз айларында ұя салып, көбейетіні белгілі болды. 56 түрі қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілді1960 – 74 ж. 5 томдық “Қазақстан құстары” деген ғылыми жинақ жарық көрді (Қазақстан Мемлекеттік, сыйлық лауреаты, 1974). Орнитология саласының дамуына үлес қосып жүрген ғалымдар: И.А. Долгушин, А.Ф. Ковшарь, Э.И. Гаврилов, Е.М. Әуезов, А.Ж. Жатқанбаев, т.б. Республикадағы Орнитология саласындағы зерттеулерді Қазақстан Ғылым Академиясының Зоология институты, Долгушиннің орнитология мектебіүйлестіріп отырады.
Құстардың жыл сайын маусымына байланысты ұшуын «құстардың қоныс аударуы» деп атайды. Жыл құстарының барлығы дерлік қыстап шығуы үшін күзге қарай салқын аймақтардан жылы елдерге ұзақ мерзімге ұшып кетеді. Олар тұрғылықты жерге жеткенше жол бойы қонып, қоректеніп тынығады да ілгері қарай ұшады. Жыл құстарының кейбіреулері, мысалы біздің аймақта кездесетін мысықторғай, сұр қарлығаш, бұлбұл жаздың аяғында ұя салған мекенінде ауа-райының жылы, қоректерінің жеткіліктілігіне қарамастан қыстауға ерте ұшып кетеді.
Сақиналау әдісі құстардың және хайуанаттың дүркін-дүркін бір аймақтан екінші аймаққа ауысып отыру-миграция қағидасына және олардың өмірсүргіштік ұзақтығы жөніндегі сұрақтарға жауап береді.
Сақиналау арқылы кәдімгі шағала-32, күміс түстілер-36, қараторғай -15 жылға дейін өмір сүретіні анықталған. Шақпақ асуында және Алакөл көлінде Испания және Үндістанда сақиналанған торғайлар ұсталғаны мәлім. Құстарды сақиналау нәтижесінде мысықторғайлар Индия мен тропикалық Африкада, сұр қарлығаштар Африка мен Мадагаскарда, тырналар Оңтүстік Азияда, шақшақайлар – Африкада қыстайтынын анықтаған. Ерте ұшып кететін құстардың жабық торда ұсталатындары (зообақтарда) күзде өте мазасыздана бастайтыны тәжірибе жүзінде анықталған. Бұл құстар тұрған орны жылы, жемі жеткілікті болуына қарамастан күндіз–түні тордың қабырғаларына соғылып, мүлдем ұйықтамайды. Олар бірнеше аптадан кейін тынышталып, қалыпты тіршілік етеді. Тордағы құстардың мінез – қылығы мен табиғаттағы еркін жүрген сондай құстарды салыстырғанда, бұл мезгілдің құс қайтатын кезеңге сәйкес келетіні анықталған. Құстардың қайту себептерін ғалымдар ежелден қалыптасқан тіршілік ету жағдайының маусымдық алмасуы деп ұйғарады. Көктемде құстардың туған жеріне қайтуға ұмтылуы көбею инстинктігінебайланысты, ал күзгі қайтуы дағдылы қоректің азайғандығынан, күннің қысқаруынан болады. Сонымен құстардың қайтуы – одан бірнеше миллион жыл бұрын басталып, маусымдық алмасудың әсерінен болған құстардың инстинкт әрекетінің бірі.
Құстарды қорғау 
Омыртқалы жануарлар ішіндегі ең үлкен топ — құстар. Бүкіл дүние жүзінде олардың 10—12 мың түрлерінің тіршілік етуі де құстардың кең таралғанын көрсетеді. Қазақстан территориясы да қанаттыларға өте бай. Онда құстардың 481 түрі мекендеп, күз айларындағы саны шамамен 18—20 миллионға жетеді. Міне, бұл қаншама байлық десеңізші! Оларды қорғап, пайдалана білуге тиіспіз. 
Адам үшін қанаттылардың пайдасы өте зор. Бізде тіршілік ететін құстардың біразы аңшылық үшін ауланып, дәмді ет пен мамық қауырсын береді. Мәселен, қазірде Қазақстанда жылына 3,2 миллион құс аңшылардың олжасы болады. Олар — үйрек, қаз, қасқалдаң, балшықты су құстары. Жасыл желек жамылған кең байтақ даламызда ұшып жүрген біраз құстар (шымшың, торғай, тоңылдақ, ементұмсық және тағы басқалар) егістік, бау-бақша, орман зиянкестері — насекомдармен, кеміргіштермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына айтарлықтай пайдасын тигізеді. Құстардың эстетикалы
мәні өз алдына бір төбе. Бұлбұл үні мен торғайлардың неше құбылтып салған әндері талай композиторлардың шығармаларына арқау болып келе жатқан жоқ па? Сондай-ақ аспанға ұшу техникасын жетілдіру үшін құстардың ұшу заңдылықтарын зерттеу Леонардо да Винчиден бастап күні бүгінге дейінгі авиаконстукторлар еңбектерінің негізіне алынып отыр емес пе? Бүгінде де бұл жұмыстар жалғасуда. 
Соңғы жылдары құстардың тек Қазақстанда ғана емес бүкіл жер шарында кейбір түрлерінің саны азайып бара жатқаны байқалады. Сондықтан да ел-елде оларды қорғау шаралары жүзеге асуда. Сол сияқты қазірде біздің республикамызда да осындай жұмысты жүргізу кең қолға алынды. Саны күрт азайып кеткен аң-құстарды шұғыл зерттеу арқылы келешекте олардың таралған аймағы анықталып, кей жерлерде қорғау шаралары жүзеге асырылатын болады. Қазақстан ғалымдары осындай құстардың тізімін алып, табиғаттың «Қызыл кітабын» жасауға кірісті. Бұл тарауда республ
икамызда саны аз құстардың қай аудандарда таралғаны, биологиясы, мінез-қылық ерекшеліктері жан-жақты әңгімеленеді. Өйткені, бұл мәліметтердің оларды қорғау шараларын жүзеге асыру үшін үлкен мәні бар. 
Қазіргі кезде,жастардың міндеті-табиғатты қорғау,соның ішінде-құстар.Қазақстан экологтары жастарды қорғауға шақырады деген атпен Семейде сәуірдің 1-інде атап өтілетін Құстардың халықаралық күніне арналған республикалық шара өтті.Мұнда құстарды қорғай білу және оларға зиян келтірмеуді,экологтар балаларға таныстырып өтті. 
Қазақстан қызыл кітабын ашсақ,мұнда қорғауға жататын құстардың санын көреміз.Олардың 3 түрі ерекше қорғауда: 
1.Мәрмәр шүрегей- жоғалып кету қаупы бар түр. Қазақстанда соңғы 20 жылда бірде-бір кездеспеген. Бұрын Сырдария бойында, Еділ мен Жайықтың аралығында жиі кездесетін. Саны барлық жерде азайған сияқты. Түркияда 70 - шы жылдары бар болғаны 2 мыңдайы ғана қыстаған. Санының азаю себептері анықталмаған. Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінде бұл түрді терең зерттеу жүмыстарын жүргізіп, жойылу себептерін анықтап, оны сақтап қалудың шараларын белгілеу керек. 
2. Алакөз сүңгуір-саны күрт кеміп кеткен сирек кездесетін түр. Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аудандарында ұялайды. Бұл құстың шамалысы республикамыздың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батысындағы суларда қыстайды. Саны туралы нақтылы деректер жоқ, санының кемуіне әсер ететін факторлар зерттелмеген. Бұл түрдің бірте-бірте азаюы оны құстарды зерттеушілер мен аңшылық мамандарының назарына ерекше алу керектігін талап етеді. 
3. Сұңқылдақ аққу-саны 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет