Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы



бет28/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ





Әдебиеттер тізімі:
1. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. Ч.1,2. М., 1979.
2. Наумов С.П. Зоология позвоночных. М., 1973.
3. Бобровский Н.А. и др. Курс зоологии. Т.2. Хордовые. М., 1966.
4. Карташев Н.А. и др. Практикум по зоологии позвоночных. М., 1969.
5. http//www.library.intra.ru- электрондық кiтапханалық қор
6. http//www.referat.kulichku.net
7. http//www.NLRK.kz-ІР Ұлттық кiтапхана
12 дәріс – Тақырыбы: 3-класс. Құстар.

1. Құстарға омыртқалы жануарлардың ұшуға бейімделген прогрессивті тармағы ретінде жалпы сипаттама.



  1. Жеке мүшелер жүйесінің мысалында тіршілік әрекетінің ерекшелігіне байланысты

морфологиялық және физиологиялық адаптациялар.
3. Жұмыртқаның құрылысы. Ұрықтың дамуы.

Құстар омыртқалы жануарлардың iшiндегi жоғары сатыдағы дамығандардың бiрi. Денесi қауырсынмен жабылып, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. құстардың ұшуы эволюциялық дамудың жемiсi, юра дәуiрiнiң басында бауырымен жорғалаушылардан құстар келiп шыққан. Эволюцияның ұзақ жылдар дамуының нәтижесiнде олар ағаштан ағашқа қалықтап барып қонады. Дамудың келесi сатысында құстардың ұшу қабiлетi дүние жүзiнде кең таралуына мүмкiндiк бердi. Сөйтiп құстар генетикалық жағынан бауырымен жорғалаушыларға жақын, оның прогрессивтi бiр бұтағы. Құстардың ұшуы оның денесiне көптеген өзгерiстер тудырады. Дүние жүзiнде құстардың 8500 түрi тiршiлiк етедi.


Құстарды жан-жақты зерттейтiн зоологияның бөлiмiн орнитология деп атайды. Құстар барлық географиялық аймақтарда таралған. Сыртқы пiшiнi мен тұрқы әр алуан. Ең кiшкентай құс колибри дене тұрқы арадай, ең үлкен құс африка түйеқұсы биiктiгi 275 см.
Құрылысы. Құстардың денесi бас, дене, қозғалмалы мойын, қанатқа айналған аяқтары және жақсы дамыған аяқтардан тұрады. Кеудесiнiң алдыңғы жағы жұмыр келiп, ауада ұшуға жақсы икемделген. Құстардың ұшу кезiнде салмағын жеңiлдетуге себепшi болатын бiрқатар бейiмделушiлiктер бар. Алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, сүйектерi (қаңқасы) iшiне ауа толған қуыс болады, өкпелерiмен байланысты ауа қапшығы болады, қысқа тоқ iшегiнде қорытылмаған тамақ қалдықтары тоқталмайды, қуығы болмайды, тiс жоқ. Осы ерекшелiктер құстардың ұшуына және жерде жүруiне толық мүмкiндiк бередi. Терiсi жұқа, оның сыртқы эпидермис қабаты нашар жетiлген. Терiсiнде ешқандай терi бездерi болмайды, тек қана құйрық түбiрiнiң үстiңгi жағында құйымшақ безi болады. Оның шығарған секрет заттары қауырсындары майлап, оған су жұққызбайды, сынбайтын майысқақтық қасиет бередi, құйымшақ безi барлық құстарда бiрдей дамымаған, ал құрылықта тiршiлiк ететiн құстарда нашар дамыған, әйтпесе болмайды. Мысалы, түйеқұстарда, дуадақ пен безгелдекте, көгершiндерде т.б. құйымшақ безi жоқ.
Жоғары және төменгi жақтарының үстi азды-көптi болсын мүйiзденген қабыршақпен қапталып, тұмсықты құрайды. Тырнақтары мен сирақтарының сыртын мүйiздi қабыршақтар қаптаған. Осылардың бәрi эпидермис қабатының туындылары. Құстардың денесi қауырсын мен қапталған. Олар құрылысына және атқаратын қызметiне қарай түрлiше болады. Денесiнiң сыртын жауып тұратын қауырсынды жамылғы қауырсын (контурный) дейдi. Қалыпты қауырсын терiге енiп тұратын (очин) қалам қауырсын бөлiмiнен және сабағы (ствол) деп аталатын екi бөлiнен тұрады. Сабақ пен желпуiштен тұратын жамылған қауырсын жеңiл, серпiмдi пластинка тәрiздi. Қауырсындардың сабақтарының iшi қуыс болады және ол ауаға толып тұрады. Құстардың көпшiлiгi түрлерiнiң денесi бiр тегiс жамылғы қауырсынмен қапталып тұрмайды. Қауырсыны бар жерiн птерилия, ал денесiнiң қауырсыны жоқ жерiн немесе сирек кездесетiн жерiн атерия деп атайды. Құйрығындағы ұзын қанаттарын бағыттаушы (руль) қауырсындар. Қалыпты қауырсындардың астыңғы жағында ұсақ мамық қауырсындар орналасады. Мамық және нағыз мамық қауырсындар су құстарында және салқын жақта тiршiлiк ететiн құстарда көбiрек болады. Қалыпты қауырсындар құстың денесiн сыртқы әсерлерден (ұрып-соғу т.б.) сақтайды, ал мамық қауырсындар денедегi жылуды сақтайды (жоғалтпайды). Құстар түлейдi. Түлегенде ескi қауырсындары түсiп, жаңадан қауырсындар шығады. Су құстары түлегенде ұша алмайды. Құстардың көпшiлiгi бiртiндеп түлейдi де, олар ұшу қабiлетiн жоймайды. Көпшiлiк құстар жылына 1-3-ке дейiн түлейдi. Жамылған қауырсындарды дұрыс бiр қалыпты сақтау үшiн, құстар құйымшақ безiнен бөлiнген майды тұмсығымен алып майлап отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет