Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы



бет32/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ

Борлы құстар археоптерикспен салыстырғанда, эволюциялық жағынан iлгерiрек. Олар бiрнеше әр түрлi топтармен көрсетілген. Қазiргi құстардың адаптивтi радиациясы   қазiргi археоптерикстер түрлерінің жоғарғы юрасында болған деп болжауға болады. Құрылысы және өмір сүру ерекшелігі бойынша өте ерекше борлы құс түрлерi белгілі болды. Орталық Азиядан табылған 1982 жылдары Е.Н.Курочкин сипаттаған бір құстың қыр төсi болған, ол созылған коракоидты, бiтiп кеткен карпусты, метакарпусты (тоғанды ) болған. Қазiргi құстарға қарағанда оның үлкен саусағындағы үшiншi бақайшық сүйегi жақсы дамыған. Бұл түрді ерекше қатарға жатқызады. Жақсы зерттелген борлы құстардың қатарына Солтүстік және Оңтүстік Америкада кең таралған незрегойлық отрядтар өкілдерін жатқызады. Олардың қалдықтары теңiз жағалауынан табылған. Олардың сүйектері пневматикалық болмаған. Кеудесінде қыры болмаған, алдыңғы аяқтары қатты редуцирленген, жақтары тiстермен қаруланған, омыртқасы амфицельді болған. Аяқтары iрi және күштi болған. Борлы азулы құстардың тағы бiр отряды белгілі. Олардың төсінде биiк қыры болды, қанаттарының жақсы дамығандығы олардың ғажайып ұшқыш болғандығын дәлелдейді. Дене бітімі және тіршілік етуі бойынша олар қазiргi шағалаларға ұқсаған. Жақында Қытайда (Ляонин мемлекеттерінде) кішкене құстың қаңқасының қалдықтары табылған (шамамен торғайдың өлшеміндей), ол қазiргi құстардың құрылысына ұқсас болған, оның құйрық омыртқа бөлiмi - карпометакарпустармен (тоғамен ) біріккен пигостилі бар, бірақ оларда рептилияларға тән өсіп кетпеген метатарзалиялары болған.
Осы уақытқа дейін жоғарғы  бор дәуірінде құстардың екi қазiргi құстардың отрядтары өмір сүргендігі анықталды: АҚШ-та табылған палеонтологиялық олжаларға жататын шағала тәрізді және дауылпаз тәрізді отрядтардың өкiлдерi. Соңғы кездерде табылған палеонтологиялық қазбалар қазiргi құстардың отрядтарының қалыптасуы - үштiк мерзiмнiң басында (35—70 миллион жыл бұрын) басталған деп болжауға мүмкiндiк бередi.
Қазір құстар тобын бірыңғай жүйелеу туралы бiртұтас пiкiрлер жоқ. Ұшпайтын түйеқұстар, нанду, казуар, эму, киви отрядтарына жататын құстардың туыстық қатынасы туралы даулар үнемi болып тұрады. Оларды әдетте ұшпайтын құстар отрядына біріктіреді, себебі олардың кеуделері тегіс және қырсыз, алдыңғы аяқтары өзгерістерге ұшырап, серпу қауырсындары жойылған. 1867 жылы Гексли олардың бас сүйегiнің ортақ құрылысын анықтаған: төбе сүйектері ірі, оған қанаттәрізді сүйектер өскен. Бұдан ары қарай бас сүйегінің құрылысы осындай құстар тобы палеогната (көнетаңдайлы)  деп аталды. Палеогнатикалық таңдай Орталық және Оңтүстiк Америкада таралған тинаму тәрізді отряд өкілдеріне тән. Қазiргi ұшқыш құстардың көпшiлiгiнің таңдайлары жақсы қозғалғыш болады.
Қырсыз құстарға әдетте бұрын жойылған мадагаскарлық эпиорнистерді және жаңа зеландиялық моаларды немесе диорнистәрізділерді жақындастырады. Қазып алынған қалдықтар бойынша бұл екі топ та плейстоценнен бері белгілі, ал олар адамдардың Мадагаскарда және Жаңа Зеландияда пайда болуынан бастап жойылған. Эпиорнистерді және моаларды қандай да бір ұшқыш құстардың топтарымен жақындатуға мүмкiндiк беретiн сенiмдi мәлiметтер жоқ.
Пингвинтәрізділердің жағдайы да түсiндiру және жүйелеуді талап етедi. Оларды әдетте қырды кеуделi құстардың жіктелуінің басына қоя отырып, олардың филогенетикалық қарапайымды екендігін көрсетеді. Дегенмен пингвиндер су астында локомациясына бейімделген адаптивтi белгілері бар қазiргi құстардың өте мамандандырылған топтарына жатады. Пингвиндерде ұшатын құстардың негiзгi құрылысы мен қызметтері сақталған. Бірақ олардың «ұшуы» ауада емес, суда жүзеге асады. Қазiргi құстар мен пингвиндердiң арасында нақты туыстық қатынас орнатылмаған, дегенмен кейбір белгілер қатары оларды гагаратәрізділерге және түтіктұмсықтыларға жақындатуға мүмкiндiк бередi.
Қазiргi құстардың бипедальді псевдозухийлерден (150 миллион жыл бұрын) бастап триаста жалғасқан дамуының қысқаша тарихы осындай. Бор дәуірінде желпуіш құйрықты құстардың дамуының негізгі эволюциялық арнасы бастау алды. Үштiк мерзiмнің басында қазiргi құстардың барлық отрядтары қалыптасты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет