Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы



бет31/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ

Бақылау сұрақтары:
1. Орнитологияның дамуында орыс және Кеңес ғалымдарының ролі.
2. Қазақстан Республикасының орнитофаунасы.
Әдебиеттер тізімі:
1. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. Ч.1,2. М., 1979.
2. Наумов С.П. Зоология позвоночных. М., 1973.
3. Бобровский Н.А. и др. Курс зоологии. Т.2. Хордовые. М., 1966.
4. Карташев Н.А. и др. Практикум по зоологии позвоночных. М., 1969.
5. http//www.library.intra.ru- электрондық кiтапханалық қор
6. http//www.referat.kulichku.net
7. http//www.NLRK.kz-ІР Ұлттық кiтапхана
14 дәріс – Тақырыбы: Құстардың шығу тегі.

1. Құстардың экологиясы.


2. Құстардың тіршілік жағдайлары.


Құстар – бұл әуедегі өмiр сүруге бейімделген рептилийлердің эволюциялық озық дамыған тармағы екендігі белгілі. Қазiргi құстар эволюциялық дамуында сүтқоректiлермен бірдей деңгейде тұр. Құстардың ұзақ уақыт бойы белсенді түрде ұшуына байланысты, олардың денесінің температурасы мен метаболизмінің қарқындылығы, плаценталық сүтқоректілердікіне қарағанда жоғары, ал құстардың тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызмет атқаруы омыртқалылар арасында өте таңқаларлық құбылыс болып табылады. Жер бетiнде тіршілік ететін омыртқалылардың кластарының басқа түрлерiмен салыстырғанда, қазiргi құстардың түрлерiнiң саны өте көп (9000-9600).
Қазiргi пікірлерге сәйкес, құстардың ең ерте эволюциялық тарихын кесірткеаяқты динозаврлар және псевдозухиялармен байланыстырады.
Ежелгi құстар компосогнатустың түрiнiң целурозавр динозаврларына көп ұқсайды. Динозаврлардың ең майда өкілі – компосогнаттар болған, ұзындығы 74 см және салмағы 3 кг болған. Олар арал орманында және қазiргi Батыс Европаның аумағындағы теңiздер баурайында, сондай - ақ Франция және Германияның шалғынды жерлерінің жағалауларында мекендеген. Олардың ежелгi құстармен ұқсастығы соншалықты, ең алғаш Германияның оңтүстiгінен тауып алынған компосогнатты археоптерикспен шатастырған. Әрине, егер компосогнаттар археоптерикстермен бiр уақытта және оларға жақын жерде өмiр сүрген болса, олар қазiргi құстардың арғы тегі бола алмас еді.
Қазiргi құстардың арғы тегін ұзақ уақыт бойы археоптерикстер деп санап келді. Оның компосогнаттарға ұқсастығы соншалық, егер оның қауырсындары болмаған болса, оны осы динозаврлар тобына жатқызуға болар еді. Тұңғыш рет археоптерикстiң қалдықтары 1860 жылы Баварияның (Германияның оңтүстiгi) жоғарғы неюрлік тастарынан табылғандығы белгілі. Қазiргi құстардың қауырсындарына ұқсас қауырсын табылған.
Міне, сол кезде осы қауырсынның иесі болған мақұлық археоптерикс немесе ежелгі қауырсын деп аталды. Бұл атау юра кезеңінде болған майда түйіршікті тастардың болуына байланысты туындады. Қазып алынған қалдықтардың өте майда бөлшектерінің өзі осы тастар ішінде сақталғандықтан, оларды зерттеу жеңілдей түсті.
Қазіргі уақытқа дейін жеті археоптерикстiң қалдықтары табылған. Олардың барлығыда бір құс түрінің қалдықтары деп есептейді. Археоптерикс өлшемi бойынша сауысқан шамалас болған. Археоптерикстің қаңқасында құсқа тән белгілер жоқ. Сүйектері пневматикалы емес және нашар жетiлген. Бас сүйегінің құрылысы бойынша рептилийлерге ұқсас болып келеді. Жақтарында көп конустық тiстері бар, танау тесіктері жоғарғы жақтың артқы жағында орналасқан. Оның омыртқаларының денесi амфицельді, құйымшақтың алдында жатқан барлық омыртқалары бос. Ұзын құйрық омыртқасы бөлiгi шамамен 20 омыртқадан тұрады. Арқалық қабырғаларында құстарға тән өсiндiлерi жоқ. Көкірегі нашар қалыптасқан және онда құстарға тән қыры жоқ. Алдыңғы қанаттарының қаңқасы құстардыкіне ұқсамайды. Динозаврлардыкіндей оларда үш саусақ жақсы дамыған, ал саусақтары жақсы қозғалатын болған.
Археоптерикстiң құсқа тән белгiлеріне: бұғананың шанышқылары мен артқа бағытталған шат сүйектерін жатқызады. Алайда, бұл белгілер кейбiр динозаврларда да байқалған. Қазіргі құстарға оның артқы аяқтарының қаңқасының құрылысы ұқсайды. Жамбас сүйегінің басы ішке қарай иілген, шағын асықты сүйегiнің түрі өзгерген. Тарзустардың проксималды элементтерi үлкен асықты сүйекпен біріккен, ал дистальдi сүйек ұзартылған және кейбір жерлері метатарзустармен өсіп кеткен.
Археоптериксте iс жүзiнде интертарзальдық буын және қазiргi құсқа тән құс жiлiншiгi қалыптасқан. Сонымен қатар құстардағыдай үш саусағы алға, біреуі (бiрiншiсі ) артқа бағытталған. Бірақ бұл белгілер құстар үшін ғана емес, сонымен қатар майда тера тәрізді динозаврларға да тән, сондықтан олар қандай да бір ортақ арғы тегінен қалған белгілер ретінде қаралуы тиіс.
Археоптерикстің қалдықтарына жүргізілген алғашқы зерттеулер және олардың майда динозаврлармен ортақ белгілерінің бар екендігінің анықталуы, сонымен қатар қауырсындардың болуы бұл майда динозаврлардың археоптерикс сияқты қазiргi құстардың арғы тегі болуы мүмкін деп жорамалдауға мүмкіндік берді. Дегенмен бұдан кейінгі жүргізілген зерттеулер, олардың тым мамандандырылғандығын және қазіргі құстардың арғы тегі бола алмайтындығын айтып отыр.
Хельман 1926 жылғы құстардың филогениясына арналған кітабында археоптерикстiң одан примитивтірек архозаврлардан - триастық текодонттардан шыққандығы туралы жорамал жасады. Оларда динозаврлар мен құстардың екеуінің де арғы ата тегі болмауы мүмкін деген белгілер жоқ, дегенмен оны керісінше болуы мүмкін дейтін де ешқандай дәлел жоқ.
Қазiргі Солтүстік Американың аумағында осыдан 225 млн жыл бұрын  өмір сүрген протоавистің (археоптерикстен 75 миллион жыл ертерек) құсқа ұқсас белгілері көбірек болған. Оның кеудесінің қыры жақсы дамыған және сүйектері қуысты болған. Протоавистің тістері тек қана жақтың ұшында болған. Компосогнатуста археоптерикстегі сияқты көздің шұңқырлары болған, ал протоависте қазіргі құстардағы сияқты үлкен көз шұңқырын түзген. Протоависте ешқандай қауырсын белгілері болмаған. Протоависті қазіргі құстардың арғы тегі деп есептейді, оның атауы осыған байланысты қойылған. Мұндай жағдайда археоптерикс олардың эволюциясындағы қосымша мамандандырылған тармағында болған. Дегенмен, протоавис пен археоптерикстің және қазіргі құстардың арасында ешқандай аралық форма байқалмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет