Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы



бет61/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ

Қолқанаттылар (лат. Chiroptera) – сүтқоректілер класының отряды.Қазба қалдықтары  Еуропа мен Солтүстік Америкада алғашқы эоцен қабатынан белгілі.Қолқанаттылар Арктика менАнтарктидадан жәнекейбір мұхит аралдарынан басқа құрлықтарда кеңінен таралған. Отряд 1000-ға жуық түрді біріктіреді. Олар итбас жарқанат (Megachіroptera) және жарқанат болып 2 отряд тармағына бөлінеді. Әсіресе, тропиктік, субтропиктік аймақтарда көп кездеседі.Дене тұрқы 2,5 – 40 сантиметр, салмағы 2–900 грамм. Денесі жалпақ, түсі сұр, қоңыр, қара-сұр, тері жамылғысы жұмсақ, үлпілдек. Төсінде бұлшық еттер орналасқан қыр сүйегі болады. Бұғана сүйектері жақсы жетілген, жауырыны жалпақ. Алдыңғы аяқтары ұшу қанатына айналған. Білек, алақан сүйектері және саусақтары (бірінші саусақтан басқалары) ұзын, аралары тері жарғақпен жалғасқан. Көпшілігінің құйрығы бар, әдетте ол ұшу жарғағымен байланысады. Сезім мүшелері, иіс сезу, есту мүшесі жақсы дамыған, көру мүшесі нашар жетілген. Қолқанаттылар шығарған ультрадыбыстарын әр түрлі заттарға соғылып қайтадан қайтқан жаңғырық түрінде қабылдайды. Қолқанаттылардың кейбір түрлерінде жылдың салқын маусымдарында дене қызуы қоршаған орта температурасына байланысты –7,5 градустан 48,5 градусқа дейін өзгеріп тұрады. Аталықтары жыныс жағынан көктемнен күзге дейін, аналықтары күзден көктемге дейін жетіледі. Осыған орай, шағылысу көктемде, жаздың аяғында, не күздің басында жүзеге асады. Жылына 1, кейде 2 рет шағылысып, көпшілігі 1–2, кейде ғана 3 ұрпақ әкеледі. Ұрпақтары тез жетіліп, 30-45 күнде өз бетінше тіршілік ете бастайды. Көпшілігі 8–9 жыл өмір сүреді. Қолқанаттылар, негізінен, жәндікқоректілер (жарқанат), кейбіреулері өсімдік жемісімен және шырынымен (итбас жарқанат) қоректенсе, кей түрлері (десмодтар) жануарлар мен адамдардыңқанын сорады. Су ішеді. Індерді, үңгірлерді, қуыстарды, үй шатырларын, ағаш қуыстарын паналайды. Топтанып тіршілік етеді. Демалу кезінде басын төмен салбыратып ілініп тұрады. Қолқанаттылар қиы (гуано) – құнарлы азоттытыңайтқыш.
Медицинада қолқанаттылардың дене қызуының төмендейтін ерекшелігі зерттеліп, оларды кейбір ауруларды емдеуге қолданады. Қолқанаттылар құтыру, т.б. ауруларды, үй малдарының түрлі індеттерін де таратады. Сирек кездесетін 8 түрі және 4 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының, 5 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Қолқанаттылар отрядының Қазақстанда 27 түрі кездеседі. Түнде белсенді тіршілік етеді. Салпаңқұлақты, ақбауыр жарқанат, қатпар ерінді жарқанат түрлері шағын аймақтарда мекендейді. Саны аз болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет