16
Фотожарқылдақ
Фотоэкспонометрлер
— нақты жағдайдағы сурет түсірудің жарықтану
шарты және пайдаланылатын фотоматериалға
сәйкес экспозицияны дұрыс
анықтау, сапалы фотосурет шығарып
алудың маңызды шарты болып
табылады. Жеткіліксіз түрдегі экспозициядан (қажетті мөлшерден аз ұстау)
ақ-қара негативті кескін өте ақшыл (боз) болып,
оның мөлдірбөлігіндегі
нысанның бөліктері жақсы көрінбей қалады.
Қажеттегіден артық
экспозициядан (қажетті мөлшерден артық ұстау) кескін тым күңгірт болып,
оның бөліктері көрінбей жоғалып кетеді.
Экспонометрлер жеке және
камераның ішінде бірге орнатылған болып бөлінеді. Бүгіндері
олар кез
келген фотоаппараттың ішіне орнатылған және ол жерде көз (диафрагма) не
сәулелеу уақытының (выдержка) артықшылығы таңдалынады. Мысалы,
қозғалысты түсіргіңіз келсе, сәулелеу уақытының артықшылығына қойсаңыз,
соған сәйкес көзді (диафрагманы) автоматты түрде табады (3).