Бақылау сұрақтары: 1. «Eastman Kodak» фирмасы не ойлап тапты? 2. Фотоаппараттың аксессуарларына не жатады? 3. Тіректің( үштаған) анықтамасы. Оның түрлері. Пайдаланылған әдебиеттер 1. Хокинс Э. Эйвон Д. Фотография, техника и искусство перевод с
англисского под ред. А. В. Шеклейна. М.: Мир, 1986. 279 с.
2. Тілекметов Б., Жидебаев Ә. Фотосурет түсіруді үйрен. Алматы, 1962.
3. Курский Ф. Техника и технология фотосъемки, Легкая и пещевая
промышленность. М.: 1998.
1.4 Әйнеккөз (объектив) және оның түрлері. Суретке түсіру әйнеккөзі фотоқұжаттың жарық сезгіш қабатында
суретке түсiрілмекші нысананың жарық сәулелік кескінін тудырады.
Объектив металл немесе пластмасса құрсау ішіне орналастырылған бірнеше
(10- ға дейін, кейде одан да көп) линзалардан құралады. Құрсау ішінде
сонымен қатар әйнеккөз механизмі, кейде фотографиялық шымылдық та
орналасады. Құрсау линзалардың өзара дәл орналасуын қамтамасыз етеді
және оларды механикалық зақымданудан сақтайды. Әйнеккөз фотоаппарат
корпусына құрсаудағы бұрандалы немесе байонетті байланыс арқылы
бекітіледі (1).