Түсірілім параметрлері Автоматты режим Кез-келген класстағы сандық фотоаппараттарда автоматты режим бар. Әдетте ол
камера қосылған сәттен қолданыста болады. Мұндай режим «бағыттау-түсіру»
стилінде түсіретін әуесқойларға мінсіз жарайды.
Автоматты режим қосылып тұрған кездегі фотограф әрекеті кадрды тұтастыру
және түсірілім батырмасын басумен шектеледі. Әдетте, қарапайым түсірілім
шарттарында, фото сапасына өте жоғары талап қойылмаса, 10*15 форматы үшін
автоматты түсірілім көп әуесқойлардың сұранысын қанағаттандырады.
Әдетте, түсірілім режимін атаулы басты дөңгелек көмегімен таңдайды. Режимдер
пиктограммалармен, әріптермен және жазулармен белгіленеді. Мысалға, автоматты
режим- Auto сөзімен, қол режимі –М (Manual) әрпімен.
Шартты түрде, сюжетті режим сценариі формасын өндіруші анықтап шығаратын
пиктограммалармен белгіленеді.