26
СПОРТ-
әрекеттері тез әрі жылдам нысандарды түсіру мақсатына икемдеу.
Минималды ұсталым(выдержка), ашық диафрагма, көп жағдайда бақылаушы
автофокус қолданылады
ПЕЙЗАЖ
-айқын, қанық пейзаж түсірілімдерін алу үшін оңтайланатын режим.
Ашықтық тереңдігі жоғары. Далада, жарық мөлшері жоғары жағдайда түсіру
кезінде осы режимді қолданған дұрыс.
ТҮНГІ ТҮСІРІЛІМ
- камера параметрлері жарықтың аздығына оңтайланған.
Экспозамер және автофокус жүйелері қате мәлімет беруі мүмкін және бақылауды
қажет етеді. Жарқыл (вспышка) автоматты түрде жұмыс істейді. Жарқыл өшіп
тұрған жағдайда автоматты режимге мейлінше мүмкін сезімталдылық қойылады.
Созылмалы выдержка.
ТҮНГІ ПОРТРЕТ-
түнгі уақытта, адамдардың портреттерін терең анықтық
деңгейімен, фонның бөлшектерін жақсы анықтау үшін фотокамераның икемделуі.
Бұл режимде жарқыл жұмыс істемейтіндіктен, экспозиция уақыты созылмалы
болуы мүмкін, сондықтан штатив қолдану ұсынылады. Егер жарқыл
толықтырмалы режимге орнатылса, жарқыл мен фон экспозициясы автоматты
түрде теңгерімде болады. Жарқыл қосылған соң
кадрдағы адамдар қимылдасын
деп сұраңыз, себебі затвор фонды анықтау үшін ашық болып тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: