Бағдарламалық режим(P)- бағдарламалық режимде экспозицияны автоматты
есептеу функциясы сақталады(әдетте басты дөңгелекте Р әрпімен белгіленеді).
Автоматты режимнен айырмашылығы- жарық параметрлерін, ақтық балансты,
матрица сезімталдылығын фокусировка тәсілімен басқаруға мүмкіндік туады.
Ұсталым басымдылығы(Tv)- ұсталым басымдылығы режимі әдетте орта
класстағы шағын камераларында және, әрине, қымбатырақ құрылғыларда бар
болады. Бұл режимде ұсталымды өз бетінше, колмен реттеуге болады. Камера
автоматты түрде диафрагманы оңтайлы анықталған экспозицияға сәйкес
белгілейді.