Жарық сүзгілері (светофильтр)фотоаппарат әйнеккөзінің алдыңғы
бөлігіне оңай бекітуге лайықталып құрсаулы түсті әйнектен жасалған,
дөңгелек пластинка қақпақ түрінде болады. Жарық сүзгі белгілі бір түсті
еркін өткізіп жібереді, ал басқа бір түсті түгелдей немесе жарым-жартылай
етіп ұстап қалады, осының нәтижесінде фотопленкаға түсетін жарық
сәуленің зияны елеулі түрде кемиді. Жарық сүзгілер жарық сәулені шамалы
болса да сіңіріп алады, сондықтан суретке түсіру кезінде экспозицияны
жарық сүзгінің еселеу шамасы қанша болса, сонша есе арттыру керек.
Мысалы, ультра күлгін
сүзгілер екі қызмет атқарады:
1) Біздің көзімізге көрінбегенімен, пленка не пиксельдер байқайтын
сәулелер бар (түтін, бу, т.б), соларды жұтып қояды.
2) Әйнеккөзді сызылудан (царапина) немесе қиыршық тастан, т.б қатты
заттардан қорғайды.