Асылхан Абдраим



Pdf көрінісі
бет3/116
Дата08.02.2022
өлшемі6,3 Mb.
#122947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116
Байланысты:
ФОТОЖУРНАЛИСТИКА 2 шыгарылым (1)

 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.Камера обскураның басты сипаты қандай? 
2.Қазақстанға ең алғаш фотоаппарат қай жылы, қалай келді? 
3.Ең алғаш фотоаппаратты кім ойлап тапты? 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Панфилова Н. Д. и Фомина А. А.М.:Искусство фотографии, 1985. 365 
с.
2. Козыбаев С. К. А.:Словарь справочник, Масс – медиа Академия 
журналистики Казахстана. Алматы, 2007. 
3. Исақов Ә. А.:Көркемдеу құралынан, күрделі салаға. Алматы, 2000. 
 

 
 
1.2 Фотоаппараттың кұрылысы және түрлері
 
Фотоаппарат — жарық өткізбейтін камерадан (фотокамерадан) суретке 
түсіру әйнеккөзінен (объектив), суретке түсірілмекші кеңістіктің шекарасын 
анықтаушы кескін іздегіштен, фотопленкаға сәттік жарық түсу мөлшерін 



реттеп тұратын серіппелі жапқы — шымылдықтан (затвордан) және 
фотопленка салынатын кассетадан ( қазіргі кезде – пленка орнына матрица 
қолданады) кұралған оптикалык-механикалық құрылғы. Фотографиялық 
жапқы –шымылдық (затвор) суретке түсіру кезінде, жарық сәуленің 
фотопленканың жарық сәуле сезгіш қабатына түсуін қамтамасыз етеді. Бұл 
жарық сәуле өткізбейтін жапырақшалар, перде, пластиналар, т.б түріндегі 
қалқалауыштар, жарық сәуле түсіру уақытын қою механизмінен және 
қалқалауыштардың қозғалысын қамтамасыз ететін жетектен құралады. 
Механизмнің жасалу ерекшелігіне және фотопленканың жарық сәуле сезгіш 
қабатын экспозициялау тәсілі бойынша көпшілік фотожапқыларды: 
саңылаулы (перделі) және орталық саңылаулы фотожапқылар деп 2 топқа 
бөлуге болады. Әртүрлі аппараттарда механизмдері түрліше жасалғанымен, 
олардың бәрінің атқарар кызметі бір. Cондықтaн да олардың құрылысын 
және жұмыс іcтey принципін біле отырып, кез келген фотоаппаратты тез 
меңгеріп кетуге болады, сонымен қатар әрбір фотоаппаратты пайдалану 
жөнінде егжей-тегжейлі нұсқаулықтар болады. Фотоаппарат жарық, сәуле 
өткізбейтін камераның алдыңғы жағында объектив орнататын тeciгi, ал арт 
жағында фотопленка орналасатын кадр рамасы бар қақпақты қорап түрінде 
болады. Камера фотопленканы жарық сәуледен қорғайды. Фотопленкаға 
сәуле тек суретке түcipy кезінде әйнеккөз арқылы өтеді. Сондай-ақ камера 
фотоаппараттың бүкіл механизмдері орнатылған негізгі корпус болып 
табылады. Фотопленканы салу ыңғайлы болу үшін фотоаппараттардың 
барлығының apтқы қақпағы ашылмалы келеді. Жарыққа шағылыспасын деп 
фотокамераның ішін қара түске бояған. Фотоаппараттың кадрлық рамасы 
фотопленкаға түсетін кескіннің өлшемдерінің шегін (кадр форматын) 
анықтайды (1). 
Әйнеккөз (объектив) — (лат. obiectivus — оптикалық құралдың 
бетіндегі әйнек). Оптикалык көздер жүйесі фотоға түсіргенде шағылысқан 
жарықты береді. Әйнек көздері фотоаппаратқа, сурет шығаратын кұралға 
орнатылады. Кассетаға оралған негатив материалдағы көріністі әйнек 
көзімен анықтайды. 
Фотожурналист әйнеккөзді ұтымды пайдалану арқылы айналасындағы 
көріністерге ой-тұжырым жасап, оқиғаларға сараптама жасайды. Ең 
алғашқы фотоаппараттың құрылысы 1450-1500 жылдары Леонардо Да 
Винчидің кезінде белгілі болған. Бірақ 1826 жылы ең алғаш фотосуретті 
Джорж Ньепс түсірді. Алайда, оның айқындау процесі сегіз сағатқа созылды. 
Кейін 1833 жылы Ньепс қайтыс болып, оның тәжірибесін шәкірті Луис Дагер 
жалғастырады. 1839 жылы 7 қаңтарда фотография пайда болған кезде 
фотоаппараттардың көлемі өте үлкен болған. Кейін пленканың орнына 



оларға жарық сезгіш пластина қолданылған. Одан кейін АҚШ-та «Кодак» 
фирмасы алғашқы пленкалық фотоаппараттар шығарды. Ол бірте-бірте 
дамып, қарапайым адамдардың қолдануына мүмкіншілік тудырды. Heгiзi 
фотоаппараттар кәсіби және әуесқойлық деп екі топқа бөлінеді. Кәсіби 
фотоаппараттарда барлық режимдер қолмен басқарылады. Ал, әуесқой 
фотоаппаратта барлық режимдер автоматты түрде қойылады. Ол 
тұтынушыға қарапайым әpi ыңғайлы. Фотоаппарат әйнеккөзін ауыстыру 
жағынан жалғыз әйнеккөзді және ауыспалы әйнеккөзді (зум, фиш-ай, т.б) 
болып бөлінеді. 
Пленкалы фотоаппараттардан кейін компьютердің пайда болуының 
арқасында сандық фотоаппараттар өмірге келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет