13
Үштағанның 10-нан астам түрі шығарылады, олардың қатарында стубцина—
тірек (қапсырма түріндегі тірек), сүйемел үштаған, жиналмалы үштаған және
басқа, сондай-ақ фотоаппаратты панорамалық түсіру кезінде қажетті қалыпта
бекітіп ұстайтын әйнеккөзді ұстап тұруға пайдаланылатын тіректік
тетік(головка) бар. Фотоаппарат тірекке өзінің
астыңғы жағындағы оймалы
ұяшығымен бекіту винті арқылы ұстатылады.
Қaзіргі кезеңде фотографтардың көпшілігі компакты (мыльница)
камераларды пайдаланғанда 3 аяқты тіректермен түсіреді. Себебі тірексіз
түсіргенде камера аздап болса да қозғалады, ол тек суретті үлкейтіп
шығарған уақытта байқалады.
Бұл әcipece, ұзын фокустық теле
объективтермен түсіргенде тіптен, қиындайды, сурет бұлыңғыр шығады.
Бұдан
шығудың амалы, тіректен басқа жарық күшейткіштер — жарқылдақ
(вспышка), софит лампалар арқылы, не сәулелеу уақытын (выдержканы)
көтеру не көзді (диафрагманы) ашу керек.
Босату тросы
(фотографиялық трос)
— фотожапқыны icкe қосу үшін
босату кнопкасын саусақпен тікелей басу
қиындық келтіргенде немесе
суретке түсіру шарты бойынша кнопканы тікелей басуға болмайтын
(мысалы, сәулелеу уақыты ұзақ кезде тірекпен түcipy кезінде фотоаппаратты
қозғалтып алмау үшін) жағдайда пайдаланылатын,
фотоаппараттың босату
кнопкасының ұясына жалғанатын, сырты иілгіш металл қабықшадан
жасалған жіңішке болат сым. Тростар қысқа және ұзын болып бөлінеді.
Ұзын тростардың көмегімен камерадан алшақ
тұрған адам өзін еркін
сезінеді.
14
фотографиялық трос
қашықтықтан басқару пульті
Соңғы кезеңде қашықтық, яки қашықтан басқару пульттары пайда
болды.
Спорт ойындарында, футболда ол қақпаның артында орналасады,
фотограф жанкүйерлермен бірге тек қызу сәттерде пультпен басып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: