Асылхан Абдраим



Pdf көрінісі
бет5/116
Дата08.02.2022
өлшемі6,3 Mb.
#122947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116
Байланысты:
ФОТОЖУРНАЛИСТИКА 2 шыгарылым (1)

Сандық фотоаппарат 
(цифровая)
— сандық фотокамерамен түсірілген 
суреттер химиялық жарық қолдану арқылы емес сандық электр күшімен 
цифрланған кодтарымен белгіленіп алынады. Сандық фотоаппаратпен 36 
кадрден де көп суреттер түсіру қолайлы. Фотожурналистердің жұмыс 
жасауына ыңғайлы функциялармен қамтамасыз етілген. 
Арнайы фотоаппараттар
— 
су астында түсіретін, аэрофотосъемка 
(жер картасын жасауда қолданылады), ғылыми жұмыстарға қолданылатын 
арнайы фотоаппараттар. Соңғы кезде ұялы телефондарда орнатылған 
фотоаппараттар да олардың қатарына қосылды (2). 
Фотоаппарат күрделі оптика, механикалық әpi электрондық құрылғы 
және ол күтіп ұстауды қажет етеді. Оған шаң-тозаң қондырмау керек. 
Соққыдан және құбылмалы температурадан, ылғалдан және күшті 
радиотолқындардан сақтаған жөн. Фотоаппаратты өз қабында, жабық 
қалыпта сақтау қажет. Суретке түсіру кезіндегі үзілісте объективті 
қақпағымен жауып қойған дұрыс. Фотожапқы мен автобосатқыш суретке 



түсipy аралығында босатылған қалыпта болуы қажет. Фотоаппаратты 
әрқашан сүртіп, тазалап отыру шарт. Бірақ, ешқашан оның механизмдерін 
майлауға болмайды. Объектив қажет болмаған жағдайда (суретке түсіру 
кезінде ауыстырмалы объектив пайдаланатын жағдайдан басқа кезде) 
фотоаппараттан алмаған жөн. Линзалар мен айналарға қол тигізсе, оның 
ажарлағыш қабаттары бүлінуі мүмкін. Фотоаппаратқа қонған шаң-тозаң
қыл-қыбырды жұмсақ қыл қаламмен немесе резина торсылдақпен үрлеп, 
тазартқан дұрыс. Қажет болған жағдайда линзаның cыртқы бетін спиртпен, 
эфирге батырылған жұмсақ шүберекпен немесе мақтамен ғана сүртуге 
болады. Фотоаппаратты қыстың күні,суық кездері сырт киімнің ішіне 
асынып алған және тек суретке түсіру кезінде ғана сыртқа шығарған жөн. 
Фотоаппаратты әркімнің өзінің ашып, бөлшектей беруіне болмайды. 
Оны тазалау, оның механизмдерін жөндеу және реттеуді тек маман адамның 
арнаулы жөндеу шеберханасында ғана орындалғаны жөн (3). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет