11
Сандық фотоаппараттың құрылымы
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Панфилова Н. Д. и Фомина А. А.М.:Искусство фотографии, 1985. 365с.
2. Тілекметов Б. Жидебаев Ә. Фотосурет түсіруді үйрен. Алматы, 1962.
3.Курский Ф. Техника и
технология фотосъемки,
Легкая и пищевая
промышленность. М., 1998.
1.3
Фото керек-жарақтары (фотоаксессуары)
Фотография дүниеге келген ілкі замандарда суретке түсіру үшін
фотокамерадан басқа тек жарқылдақ шам (вспышка) және тірек (үштаған)
қажет болатын. Бүгінгі таңда әртүрлі жерге, жағдайға байланысты жүзге
жуық неше түрлі құрал-жабдықтар қолданылады.
12
XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында фотограф үшін ең
маңыздысы түсірілім кезінде камераның тұрақтылығы үштаған және басқа да
тәсілмен
қамтамасыз
етілді.
Себебі
ол
кезде
фотопленканың,
фотоматериалдың сезімталдылығы төмен болды. Анық суреттер алу үшін
камераның қозғалыссыз күйде
ұстау керек тұғын,
себебі сәулелеу уақыты,
яки ұсталым (выдержка) бірнеше секундқа созылды.
Ұсталым уақытын азайту үшін түсірілімдерді жарық студияға көшірді.
Жарқылдап
жанатын магний де пайдаланылды,
бірақ оның көмегімен қоса
зияны да болды, түтіні тым көп әpi өрт шығып кету қаупі болды. Мәселе тек
сезімталдығы жоғары фотопластинкалар одан кейін фотопленкалардың пайда
болуымен өз шешімін тапты. 1889
жылы Американдық Джордж Истмен,
«Eastman Kodak»
фирмасын құрушы, алғашқы жинамалы (компактный)
пленкалы (мыльница) камераларды ойлап табуының арқасында фотоға түсіру
көпшілік қауымның сүйікті ісіне айналды (1).
Достарыңызбен бөлісу: