Папарацци жанры Итальян тілінен аударғанда «paparazzo» - жабысқақ, қадалған жерден қан
алатын ерекше ызыңды масаның түрі.
Термин дәл осы мағынасында 1960 жылдан, Федерико Феллинидің
«Тәтті өмір» фильмі жарыққа шыққан күннен қолданысқа түсті. Фильмнің
бас кейіпкерінің досы–фотограф Папараццо. Ол – Ф.Феллинидің Тацио
Секьяроли есімді атақты фотограф досының прототипі. Режиссер бұл
кейіпкерді өте мазасыз, қадалған жерінен қан алатын, масаға ұқсайтын
персонаж ретінде көрсетеді. Феллинидің айтуынша, сыныптастары оның
мектепте бірге оқыған досын тез сөйлеу мәнері үшін «Папараццо» деп атап
кеткен. Кейінірек сөз тек папараццо дегеннен көпше түрдегі папарацци
сөзіне ауысты. Ол барлық тілде бір мағына – атақты адамдарды аңдып жүріп,
әртүрлі жағдайда фотоға түсіретін фотограф дегенді білдіреді.
Кей деректерге қарағанда, 1997 жылы 31 тамызда Парижде болған,
Диана ханшайымның қаза тапқан жол апаты папараццидің кесірінен болған.
Алайда, 2008 жылы сот ханшайымның ішімдік ішкен жүргізушінің кесірінен
қаза тапқанын анықтаған. Сондықтан папараццидің еш қатысы болмауы да
мүмкін.