Асылхан Абдраим


Имидждік (жарнамалық) фотография



Pdf көрінісі
бет31/116
Дата08.02.2022
өлшемі6,3 Mb.
#122947
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   116
Байланысты:
ФОТОЖУРНАЛИСТИКА 2 шыгарылым (1)

Имидждік (жарнамалық) фотография 
 
Біз ақпараттың 95%-ына көзіміз арқылы қол жеткіземіз. Осыдан біз 
жарнамалық компанияның негізі көрсетілетін ақпараттарда жатқандығын 
көруімізге болады. Көрсетілетін жарнаманың негізгі бөлігі басып шығару 
болып табылады. Фотосуреті бар жарнама түрлері өте тартымды 
көрінгенімен, ол әрдайым эффектілі бола бермейді. 
Жарнамалық фотография - фотоөнерді игерудің шыңы . Жарнамалық 
фотография(«Коммерциялық фотография») барлық фотография жанрларын 
қамтиды: 
a.
Каталогтік фотография 
b.
Имиджтік фотография 
c.
Заттық фотография 
d.
Интерьерлік фотография 
e.
Іскерлік портрет 
f.
Саяси портрет 
Каталогтық тақырыптан ерекшеленетін портреттік рекламалық киім,әшекей 
бұйымдардың және аксессуарлардың фотографиясын бөлек алып 
қарастырсақ болады. Осындай фотографиялар каталогтарда 
емес,журналдардағы жарнамаларда кеңінен қолданылады. Олар тек қана 
тауарды көрсетіп қана қоймай, оның имиджін қалыптастырады. 
Осы тектес фотографиялардың бір ережесі болып адамның көзқарасы 
камераға емес таурға қарауында болып табылады. Адамның көзі – жан 
дүниесінің айнасы және сол туралы алғашқы ақпараты. Сол себептен 
адамның қараған нүктесі потенциалды клиенттердін назарын өзіне аудармай 
қоймайды. Кей кездерде фотографияның осындай жанрында адам
көрсетілмейді немесе ол адамның тек бір бөлігі ғана көрсетіледі. 


36 
Каталогтық фотография. 
Каталогтық және пәндік фотографияның негізгі функциясы – өндірушілердің 
сайттарын, тауарлардың және қызметтердің дистибьютерін, интернет 
магазиндерін жарнамалайтын өте эффектілі тауар жарнамасы. 
Профессионалдық тілде каталогтық фотография деп аталатын жанр 
фотографияны қандайда бір мән беріп түсірмейді, ол тек қана тауарды 
көрсетеді. Оларға мысал ретінде : канцелярлық тауар,сувенирлер, әшекей 
бұйымдары ,электрондық техника, интерьер құралдары, киім түсірілімдерін 
жатқызсақ болады. Осыдан біз тауарға арналған заттық жарнамалық 
фотография мен киімге арналған имидждік жарнамалық фотография 
арасындағы айырмашылығын байқасақ болады. 
Имидждік фотография мақсаты фотосуреттердің көмегімен компанияның 
корпоративтік имиджін қалыптастыру және қалыпта ұстап тұру. 
Имидждік фотографияда портреттік және топтық түсіріліммен қоса 
фоторепортаж айлалары да қолданылады(Белгілі бір құбылыстарды, 
келіссөздерді, жасап шығару процесстерін түсіру). 


37 
Репортаждың белгілі бір қатаң регламенттері болмайды, оның басты міндеті 
болып жатқан істі фотография түрінде көрсету. Репортаждық 
фототүсірілімдерде негізінен процесс бейнеленеді, фотодағы адамдар 
камераға қарамайды. Осындай фотографиялардың публикациясы 
тұтынушыларға сенім ұялатады. Сондықтан да осы тектес фотографиялар 
PR(пиар) мақсатында қолданылады. 
Осындай суреттер бұқаралық коммуникация құралдарындағы пресс-
релиздерге немесе компания сайттарының жаңалықтық бөлімдеріне 
жіберіледі . 
Имидждік жарнаманың тағы бір айырмашылығы ретінде компанияның 
басшылары бар портреттік фотоның болуы(жұлдызы, 
жұмысшысы,директоры т.б ). Имидждік жарнаманы көбінесе банктер 
қолданады. 
Заттық фотография. 
Бұл фотографиялық жанр жарнамаланып отырған тауардың сыртқы 
характеристикасын, дизайнын, конструкциясын, артықшылықтарын 
көрсету немесе жарнамалау мақсатында қолданылады.Бұл процесс кезінде 
ең алдымен тауар және оған кіретін заттар ортақ бір композицияда 
болатындай етіп фотоға түсіріледі. Бұл фотосурет максималды жақсы 
ракурста болуы тиіс. Және де бұл тауардың маңызды функционалдық 
қабілеті және бәсекелестердің тауарынан айырмашылығы жайлы 
фотография арқылы жеткізілуі қажет. 
Жарнамаланып отырған объектінің фотографиясы буклеттер, интернет 
магазиндердің сайты, каталогтар, көркемөнер альбомдары, постерлер 
және плакаттар үшін қажет. Көп жағдайда жарнамаланып отырған
тауардың ең негізгі артықшылықтарын буклеттік немесе каталогтық 
фотографиялар арқылы көрсете аламыз. Клиент болашақ тауарының 
фотографиясын тамашалай отырып қана тауарды сатып алу немесе сатып 
алмау туралы белгілі бір шешімге келеді. 
Керек жағдайда заттық стол, макрообъктив, фильтрлер,көлеңкесіз куб, 
әртүрлі жарық көздері, түрлі-түсті фондар сияқты қосымша жабдықтар 
мен арнайы қондырғылар қолданылады. Түсірілім кезінде міндетті түрде 
фотограф артық шағылысқан жарықтарды алып тастап, фотоның 
көлеміне,тереңдігіне және фактурасына назар аударуы тиіс. 
Әдетте бұл жанрда объект болып эффективті дизайны бар автокөлік және 
тұрмыстық техника жарнамаланады. 
Заттық түсірілім қандай да бір мән беру үшін де қолданылады. 
Заттық фототүсірімде спецификалық бағыт фудстайлинг болып
табылады. Фудстилисттер – тамақтану заттарын өте пайдалы түсте ұсына 
алатын жарнамалық фотография мамандары. 
Оған мысал ретінде сырт келбеті көз тартарлық емес натуралды заттарды 
өңдеп, оған қанық әрі жарқын түс береді және т.б. 


38 
Интерьерлік фотография. 
Интерьерлер дизайны, жиһаз және аксессуарлар жасау сферасында жұмыс 
жасайтын мекемелерде, белгілі бір тауар жайлы ақпарат беру үшін жиі 
қолданылады. Интерьерлік фотографияның негізгі техникалық проблемасы – 
объектілердің өте кең диапазонды жарқын болуы, жарық көзінен түскен 
сәуленің шамадан тыс жарық болуы және көлеңкелердің терең болуы 
жатады. Осыған байланысты интерьерлік фотография 2 әдіс арқылы 
түсіріледі: 
-қосымша жарық көздері жарқылын пайдалану(әдетте өзінің күшті жарық 
көзін әлсіздеу жарық көзіне аустыру арқылы болады ) 
- HDRI технологиясын қолану арқылы. Екі әдіс те фотографияның көлеңкесін 
жақсартады. Бұл әрине жоғары контрастлық интерьерлер үшін өте маңызды. 
Интерьерлік фототүсірілім үшін кең бұрышты объективтер қолданылады. 
Оған мысал ретінде 180 градуста түсірілетін «Рыбий глаз» объективтерін 
жатқызсақ болады. Бұндай объективтер кеңістікті аздап бұрмалап көрсетеді, 
сондықтан бұндай суреттерге компьютерлік түзетулер енгізіледі. 
Архитектуралық түсіріліммен көбінесе ғимараттар құрылысы, бөлмелерді 
сәндеумен айналысатын мекемелерде қолданылады. Осы түсірілімдер 
арқылы мекеме өз имиджін қалыптастырады. Архитектуралық 
фототүсірілімде ең бастысы өлшем эталоны ретінде адамның бейнеленуін 
естен шығармағанымыз жөн. 
Іскерлік портрет. 
Кез келген компанияда, фирмада, кәсіпорында өзінің ұсынушысы, бет 
бейнесі болады. 
Потенциалды серіктестер және тұтынушылар ең алдымен осы 
ұсынушыларды көргілері келеді. 
Компанияның бетке ұстар азаматтарының, басшыларының портреті – 
компанияның имиджі және оның көркі. Компанияның резиденттерінің, топ-
мнеджерлерінің және басқа да қызметкерлердің портреттері әдетте 
буклеттерде, каталогтарда, презентацияларда, компания сайттарында 
бейнеленеді және олар жарнамаларда қолданылады. 
Көп жағдайда, компания қызметкерлерінің қолдары бос болмақандықтан 
кәсіби фотограф тапсырыс берушінің территориясында жұмыс істейді. 
Сондықтан да фотограф барлық керек-жарақтарды өзімен бірге алып келеді. 
Фототүсірілім өтетін жер тапсырыс берушінің мақсатына байланысты 
әртүрлі болуы мүмкін. Офистік фототүсірілім жұмыстық атмосферада болуы 
тіс және фирманың кемшіліктері мен артықшылықтары жайлы сөз қозғалады. 
Мысалға, ресторандағы коллектив мүшелері бірігіп түскен офистік 
фототүсірілім мақсаты коллективтің қарым-қатынасы, ұйымшылдығын 
көрсету. Дегенмен, фототүсірілім үшін кең танымал фон – біртекті 
фон(Біртекті түс неесе ашық қабырға). Ол көрермен назарын басқаға 
аудармай, негізгі объектіні басты назарға алу үшін қолайлы. 
Жоғарғы шенді тұлғалар,әдетте, жалғыз түсіріледі. 


39 
Көп жағдайларда бизнес-портрет пен құжатқа түсіруді бір қатарға қойып 
қателеседі. Тіпті екеуінде де бірдей фон болса да, екеуі мүлдем басқа 
жанрлар. Іскерлік портреттерде қызметкерлердің қалауы бойынша кәсіби 
фотограф әртүрлі жанрдағы фототүсірілімдерді ұсынуы мүмкін. Мысалға ол 
кездесулер, таңғы жаттығулар және т.б. болуы мүмкін. 
Саяси портрет 
Газет-журналдарда көп кездесетін фотография формасы - орташа 
пландағы түсірілімдер болып табылады. Ол саясаткердің вербальді 
сөздерінің ерекшеліктерін аудитория санасына жеткізу үшін керек . 
Жақсы түсірілген фотография саяси тұлғаның ішкі және сыртқы дүниесін 
ғана көрсетпей,оның жанұясымен қарым-қатынасын, автобиографиясын, 
қызметтегі жетістіктерін көрсете алу мүмкіндігіне ие. 
Осылайша, бұл жанрды қойылымдық және репортаждық деп бөліп 
қарастыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет