–
публицистикалық жанр. Негiзгi бағыты қоғам өмiрiндегi
айшықты бетбұрысқа толы құбылыстарды фотосурет арқылы беру.
Фотоочерк жанрында адамның жеке өмiрi қамтылып қана қоймай, оның
қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы көрсетiледi.
Фотокорреспонденция
– фотопублицистика жанрына жатады. Бұл
жанрдың фоторепортаждан айырмашылығы, мұнда болған оқиға толықтай
қамтылмаса да, оқиғаның шығу себеп-салдары анықталып, нақты
мәлiметтерге сүйенiп барлау жасалады. Фотокорреспонденция сараптама сөз
жүзiнде емес көрiнiс арқылы жасалады. Мысалы фотожурналист монтаждау
амалы арқылы мән-мағынасы бұлдыр екi фотосуреттi салыстыру арқылы
ойтұжырым жасауға мүмкiндiк бередi.
Фотомонтаж – бiрнеше фотосуреттердi бiрiктiрiп иллюстрация немесе
негiзгi
ойды
меңзейтiн
фотосурет
жасау.
Осындай
амалдармен
құрастырылған суреттер газет-журналдардың мерекелiк беттерiнде жиi
қолданылады. Ал бүгiнгi заманғы компютерлiк техниканың шексiз
мүмкiндiгi фотомонтаж жасаудың түрлi бағдарламаларын қолданысқа
енгiздi. Мысалы:
Adobe Photoshop
,
Corel Photo-Paint
,
GIMP
(2).