Асылхан Абдраим



Pdf көрінісі
бет78/116
Дата08.02.2022
өлшемі6,3 Mb.
#122947
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   116
Байланысты:
ФОТОЖУРНАЛИСТИКА 2 шыгарылым (1)

Сарыдағы қызыл.
Истманның ең алғашқы камерасымен бірге Kodak 
атауы да пайда болды.Атаудың шығуы жайында көптеген нұсқалар 
бар,алайда, Истманның өзі: "Бұл сөзді өзім ойлап таптым.Менің ең жақсы 
көретін әріпім "К" әрпі.Ол маған мықты,әрі еске сақталатын болып 
көрінеді.Мен осы әріптен басталып,осы әріптен бітетін сөзді көп 
іздеп,ақыры Kodak атауына тоқтадым»,– деген. 
 
Eastman Kodak логотипінің дамуы
Nikon 
— тек қана заманауи фототехниканы ғана емес фотографияны 
түгелдей өзгерткен ұлы компания. Үш жапон компаниясы қосылуының 
арқасында Nippon Kogaku K.K пайда болған кезде 1917 жылы 25 маусымда 
шартты түрде Nikon корпорациясы пайда болды. Оның ішіндегі бір 
компания 1883 жылдан бері жұмыс атқарып келген.Осы тұрғыдан алғанда 
Nikon корпорациясын немістің ең үздік фирмаларымен қатар қоюға болады.
Онымен 
қоса 
жапон 
өнеркәсібі 
Германиядан 
шақырылған 
инженерлерсіз болмады.Солардың бірі Генрих Ахт 1920 жылдары 
аэрофототүсірілімге арналған Flieger 500 мм f/4.5 атты компанияның ең 
алғашқы объективін құрастырды.Nippon Kogaku-дің басты өндіретін тауары 


87 
императордың соғыс-теңіз флотына арналып жасалатын оптикалық заттар 
болатын.
1931 жылы Nippon Kogaku ең алғаш рет өздерінің әскерге 
емес,қарапайым халыққа деген ортаформатты камераға арналған Anytar 120 
мм f/4.5 объективін құрастырды. Carl Zeiss неміс концернасы жасаған 
классикалық Tessar сызбасы қолданылған. Ең қызығы 1930 жылдары 
Nippon Kogaku Hansa Canon фотоаппараттарына оптика шығара басталды. 
Осылай 70 жыл бұрын фототехника әлемінің инь және янь,яғни Nikon және 
Canon тарихы басталды. 
Қара және сары 
Компанияның алғашқы фотокамераларымен бірге Nikon атауы да пайда 
болды.Кезіндегі Kodak атауы секілді бұл атау да әріптерді қосу арқылы 
жасалған болар шамасы. Тағы да Nicca, Nikka, Nikoret, Niko, Nikkorette, 
Pannet, Bentax және тіпті Pentax деген нұсқалар бар болған!Соңғы нұсқа 11 
жылдан кейін Asahi Optical айналы камерасына берілді. Ал Nippon Kogaku 
Nikon нұсқасына тоқталды. 
Nikon брендіне қара және сары түстер байланды.Ал 2003 жылы 
корпорацияның заманауи логотипі жарық көрді.Онда фирманың түстік 
гаммасы сақталған.Ал ақ қисық сәулелер құрастырушылардың ойынша 
болашақты білдіреді. Сары түс – қиял мен шығармашылықты,қара – сенім 
мен сапаны көрсетеді. 
2006 жылы фотоөндірушілердің арасындағы ең үлкен Nikon 
корпорациясы таспалы фотоаппараттарды өндіруден бас тартты. Көп уақыт 
бойы Nikon өздерінің кәсіпқой фотоаппараттарына үлкен форматты 
матрицаларды қоюға қарсы болды.


88 
Сонда да 2007 жылы компания үлкен матрицалы кәсіпқой D3 топ-
моделін шығарды. Бұл әлемдегі ең тез ойланатын сандық камера болып 
саналды.
Ал бүгінгі күнгі, соңғы өнімдерін айтар болсақ ол 
 Nikon D800 –
2012 жылдың 6- шы қаңтарында шыққан. 
- матрица толық, 36,2 мегапиксельді құрайды 
- түсірілім уақыты (выдержка) 30- 1/8000 cек
- бейнетүсірілім 
- сезімталдығы (ISO) 6400 
- секундына 4 кадр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет