Асылхан Абдраим



Pdf көрінісі
бет81/116
Дата08.02.2022
өлшемі6,3 Mb.
#122947
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   116
Байланысты:
ФОТОЖУРНАЛИСТИКА 2 шыгарылым (1)

 
 


93 
2.7
Той-думан да – тәрбие мектебі 
«Ең бірінші ерекшелігіміз, барлық жұмыстарымызды мемлекеттік, яғни 
қазақ тілінде, ата-баба дәстүрі аясында атқарамыз. Бұл – біздің негізгі 
бағытымыз, айнамыз. 
Дүниежүзінің өркениетке ұмтылған барлық дамушы мемлекеттерінде 
әрбір шығармашылық салалар бойынша қоғамдық қорлар мен олардың 
құқын қорғайтын ұйымдар, бірлестіктер бар. 2009 жылдың аяғында Алматы 
қаласында 
той-жиындарда 
қызмет 
атқаратын 
фотографтар 
мен 
бейнеоператорлардың ұйымы құрылып, олардың Республикалық 1-форумы 
өтті. Сол жиынға тікелей өзім қатынасып, көп жайға куә болдым. Сол 
форумға қатысқан 150 адамның 8 пайызы ғана – өзіміздің қаракөз 
қандастарымыз. Осы сөздің өзі біздің ұлттық кадрларға мұқтаждығымызды 
көрсетеді. Әлгі кісілердің атқаратын қызметтерінің 95 пайызы қазақ қауымы 
үшін жасалады екен. Бұл – өзекті мәселе. 
Той соншалықты жоғары кәсібилікті қажет ете ме екен деуіңіз мүмкін. 
Меніңше, оған бейжай қарау жараспайды. Өйткені өнер – қай жерде де өнер! 
Өзге ұлт өкілдерінің тәжірибесі басымдау, көркемдеушілік сапалық жағынан 
ілгері тұруы анық. Оған таласым жоқ. Дегенмен, олардың қазаққа қатысты 


94 
ұлттық салтанатты фото-бейнеге түсіру тұрғысынан келгенде сүйенуші 
көркемдік әдіс-амалдарының бәрі ресейлік дайын өнімдерден көшірілгені 
байқалады. Қазақ халқының өзіндік мәдениеті мен үлгі-өнегелік дәстүрлеріне 
олар пысқырып та қарамайды. Себебі, жылтырақ, ашық-шашық дүниелермен 
көзді арбайды. Бұған қарапайым тұтынушылар көп мән бере бермейді. Суреті 
анық, бояуы қанық келсе болды. Мәселен, тапсырыс берушілердің той-
салтанаттарын өзге ұлттың өкілдері түсірсе, әрлеу тәсілдері кезінде әртүрлі 
Еуропа қорғандарын, шетел анимацияларын пайдаланады, олардан үзінділер 
алуға жүгінеді. Ойлап қарасаңыз, бұл – жат жұрттықтардың идеологиясын 
санамызға сыздықтатып сіңіру. Қазақ халқы: «Той – тәрбие мектебі» деп 
түсінген. Үйлену тойларындағы жас жұбайларды материал ретінде пайдалану 
үшін серуен кезінде қайта-қайта сүйістіру секілді жат әрекеттер кейбір 
жастарымызға қызықты боп көрінгенмен, өскелең ұрпақ пен ата-ана алдында 
тіпті, ұят дүниелер. Жасалып жатқан дүниелердің кез келгені жанымызға 
жақын болуға тиіс. Меніңше, бұл іске әзірлікті ең алдымен, ұлттық 
кадрларды дайындаудан бастауымыз керек! Өйткені жаңа дүниені меңгеру, 
үйрену бар жерде міндетті түрде еліктеу қатар жүреді. Сондықтан не нәрсе 
жасасақ та мазмұнынан ұлттық дүниетанымды, ұлттық айшық пен тілдік 
өрнекті жапсарластыра жасауымыз керек. Оны орындаушы азаматтар ұлттың 
тілі мен тарихын, салты мен мәдениетін терең меңгерген, ол туралы білімі 
бар болуы керек қой деп ойлаймын. Себебі, теле-бейне мен көркем суретті 
құрылғылардың бәрі де мәдениетті тасымалдаушы, жарнамалаушы құрал», – 
дейді студия басшысы Оңғарбек Есенбайұлы Алхаров. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет