Қарқындату (фр. intensification, лат. intensio кернеуі, күшейту) — өндірісті кеңейту мен өндірістің өндірісті эффективті құралдармен қамтамасыз ету, өндіріс дамуын ұйымдастыру мағынасын білдіреді. Процессті түрлендіру ресурстардың шығыны, сонымен қатар жаңа заманауи жабдықтарды қолдану өндірістің өнімділігін арттыруға көмектеседі.
Технологияны жақсарту барысында қарқындату процесі ұсынылып отыр. Қарқындату процессінің түп маңызы үрлеу жабдығы және жуу, құю, тығындау жабдығын ауыстыру болып табылады. ЖШС «KELUN – KAZPHARM» (Келун – Казфарм) өндіріс орнында үрлеу және жуу, құю, тығындау процестері екі цехта жүргізіледі.
Біз ұсынып отырған инновациялық BFS технологиясының BOTTELPACK® 360 жабдығының ерекшелігі:
Біз ұсынып отырған инновациялық BFS технологиясының BOTTELPACK® 360 жабдығының ерекшелігі:
экструзия- полиэтиленді балқыту және түтікті үрлеу;
жапсырма- флаконды дәнекерлеу процестерін қамтиды.
BOTTELPACK® 360 жабдығы жоғарыда аталған процестерді бір жұмыс циклында орындайды және өндірістің барлық кезеңдеріндегі процестерді автоматтандыруға, толығымен адами фактордың әсері және инфузияға арналған ерітінділердің қоршаған ортамен байланысын болдырмауға 100% мүмкіндік береді.
Бір құрылғыда бірнеше технологиялық кезеңдерді біріктіру өнімнің сапасын және жылдамдығын арттыруға көмектеседі.
Жаңа жабдықты енгізу Декстран 40 инфузиялық ерітіндісін өндіру кезінде шығынды азайтуға, энергия тұтынуды азайтуға мүмкіндік береді.