Ауызды кең ашқанда нағыз ауыз қуысы көрінеді. Нағыз ауыз қуысы үстіңгі және астыңғы жақсүйектерде орналасқан тістерден басталып, соңғы жағы аранмен (зев) шектеледі. Ауыз қуысының үстіңгі жағындағы қатты таңдай сүйегі жұмсақ таңдайға жалғасып, таңдай мен жұмсақ таңдай ауыз куысын кеңсіріктен (мұрын қуысынан) бөліп тұрады.

Ауыз қуысына 3 жүп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Тағам алдымен ауыз қуысында шайналып ұсақталады әрі сілекеймен араласып, жұтылады. Тамақты жұту күрделі физиологиялық үдеріс.
Нағыз ауыз қуысында тіл орналаскан. Ол көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Тілдегі бұлшықет талшықтарының кейбір тобы - ұзына бойы, екінші тобы - көлденең, үшіншісі - тік бағытта жатады.