САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI
35
экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және т.б. саясатты
құрайды.
Демек, саяси жүйе сыртқы ортамен жан-жақты өзара
тәуелділікте болады. Ол келіп түсіп жатқан талаптар мен
қолдауларды тиісті шешімдер мен әрекеттерге айналдырып,
сонымен қатар өз-өзін реттеуге қабілетті болуы тиіс.
Онда жүріп жатқан саяси процестер ақпаратты қайта
қалыптастыру, оны «кірістен» «шығысқа»
ауыстыратын
процестер болып табылады.
Қоршаған ортаның белгілеріне жауап қата отырып, саяси
жүйе бір мезгілде қоғамда өзгерістерді жүзеге асырады,
тұрақтылықты сақтайды.
Сонымен бірге, жүйе қызметіндегі өзгермелілік оның
жеке сипаттамасы ретінде шығатын болса, онда аман
қалу мен өзін-өзі сақтап қалу - оның қағидатты маңызды
кескіндері болып табылады.
Саяси өмірдің жүйелі талдауы «ортаға батқан» және
сырттан келген ықпалға түскен жүйенің түсінігіне
негізделген. Д. Истонның пікірінше, мұндай талдау «аман
қалу үшін жүйе жауап қату қабілетіне ие болуы керек».
Табиғат, экономика,
мәдениет, әлеуметтік құрылым
компоненттері бола алатын сыртқы ортамен үнемі байланыс
сақтай отырып саяси жүйе реттеуші тетіктердің көмегімен
келіп жатқан импульстарға жауап реакциясын тудырады,
қызмет етудің сыртқы жағдайларына бейімделеді.
Д. Истон
кері байланысты қоғамдағы шиеленісті жоюдың
негізгі тетігі ретінде санайды.
Д. Истон моделінде сыртқа шығатын факторлар жүйенің
қоршаған ортаға және жанама түрде өзіне жауап қайтару
әдістерін тұжырымдауға қызмет етеді, сонымен бір мезгілде
талаптар мен қолдаудың сыртқы факторларының, көбіне
табысты түрде, түр-сипатын өзгертеді.
Сондықтан да
«шығысты» ақырғы нүкте деп санамаған абзал.
«Шығыс» — бұл әрекеттердің үздіксіз циклінің
фрагменті, Д. Истон бұны
«кері байланыс ілмегі» деп
атайды. Бұл ұғымды қайта оралатын ақпаратты және оның
артықшылықтарын пайдалану әдістерін белгілеу үшін
ұсынған.
Мұнда тұйық цикл құраушы қос процесс туралы айтылып
САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
36
отыр:
• біріншіден, сыртқа шығушы жүйелер және олардың
салдары (яғни, белгілі бір жағдайларда биліктің бейімделуі);
•
екіншіден, ақпараттың өзі (яғни, жүйе жағдайы
және билік қызметінің жауап қату салдары туралы кері
мәліметтердің ағымы).
Жүйеге келіп түсіп жатқан импульстарға жауап қату
қабілетінің арқасында ғана кері байланыс тұрақтандырушы
қызметін орындай алады. Егер де билік қоғам өкілдерінің
талаптарына енжар қарап,
өзінің ғана талаптары мен
идеяларына көңіл бөлсе, онда оның шешімдері мен
әрекеттері қолдау таппайды.
Жүйеге деген қолдаудың минималды деңгейін сақтауға
ұмтылып қана қоймай, қолдаудың жаңа базасын іздесе
немесе өзге режимді құрғысы
келсе бұл жайт ерекше
ескеруді қажет етеді. Өзгерістер, бейімделу, өзін-өзі сақтау,
күш-жігерді қайта бағдарлау, мақсаттарды өзгерту – Д.
Истон мұның бәрін саяси жүйедегі шиеленістермен немесе
күйзелістерді еңсеруде көмекші ретінде санайды.
Саяси жүйеде туындайтын күйзелісті
жағдайларды
еңсеру үшін ол қоршаған ортадан болып жатқан қысымды
әлсіретуі керек, шиеленіс тумауы үшін өзін өзі және сыртқы
айналасын өзгертуі тиіс. Егерде оның иелігінде
«жүйені
Достарыңызбен бөлісу: