Ассалаумағалейкум!


Маралтайдың тілімен айтқанда



бет8/13
Дата16.06.2020
өлшемі41,01 Kb.
#73647
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
той той той (1)

Маралтайдың тілімен айтқанда
Тауықтың ары тарымен бірге,

Шашылса тары шашылар.

Аққудың ары жарымен бірге,

Жарына ғана бас ұрар.

Қыранның ары көзінде өткір

Күнге де қарар қасқайып.

Қарғаның ары өзімен кеткір,

Өзімен өзін тастайық.

Есектің ары — есалаң неме

Ойлады ол тек қарын созу деп.

Тұлпарды даттап өш алам деме,

Тұлпардың ары озу тек.

Ғаламның ары күнімен нұрлы,

Күнсіз тұл тірлік әлемі.

Даланың ары гүлімен сырлы,

Гүлсіз де бірақ әдемі.

Шаладай бықсып жалғасып жүрер,

Өсекпен соры соңында.

Ақынның арын Алласы білер,

Ал сенің арың қолыңда!



ҚАЗАҚ ЕЛІ ЖАСАСЫН

Мақтанбай-ақ сөйлейін,Сөзімді менің мақтан дер.

Жаттамай-ақ сөйлейін,Сөзімді менің жаттан дер.

Мен қазақтың баласы,Әлемнің алып данасы,

Бабалар жүгін ақтан дер.Моңғолия білсең, біздікі,

Бабамыз малын баққан жер.Астрахань да біздікі

Жалаңтөс баһадүрлер мен Төле би бабам жатқан жер.

Россия ренжімесін,Москва да біздікі

Момышұлы Бауыржан немістің басын шапқан жер.

Немістер ренжімесін,Германияда біздікі

9 мамырда Рақымжан Қошқарбаевтар

Рейхстахқа туды таққан жер.

Париж де білсең біздікі Әміре әнші ән салып,

Жұлдыздай болып аққан жер.

Франция да біздікі Қажымұқан бабам күресіп,

Маңдайдайынан аққан тер.Египетте біздікі, Түгел Мысырды билеген,Бейбарыс бабам жатқан жер.

Аспанда ғарыш біздікі, Талғат, Тоқтар, Айдын қосылып,

Алауын барып жаққан жер. Жалауын барып қаққан жер.

Осы Астана да біздікі,

Кішкентай балақайдың тойын тойлап жатқан жер!

Бәрі, бәрі қазақтікі Мекені бұлбұл аптал бер.

Қолың қалай босасын, Көңілдер қалай босасын,

Бабаларыма рахмет,

Қазақ елі жасасын!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет