Ассамблея народа Казахстана дайджест по освещению в сми акции анк «конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі»


ОҚО-да «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күндері  басталды



бет30/31
Дата01.02.2018
өлшемі4,02 Mb.
#37311
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

ОҚО-да «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күндері  басталды


Дүйсенбі, 21-Қараша 2016 / 22:50 

Айдары: Аймақтарда...Бастапқы бет



Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» атты 25 жұлдызды күн акциясы бастау алды.

Жұлдызды 25 күннің бірінші күні – «Қазақстан Республикасының Конституциясы» деп аталып, Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Тәуелсіздік жетістіктері» атты таныстырылымдық көрме кешенінің ашылуымен басталды.

Шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша оңтүстікқазақстандықтарды Тәуелсіздік тойымен құттықтап, еліміздің жеткен жетістіктері мен Ата Заңның мән-мағынасына тоқталды. 

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тарихы тереңде жатыр. 1991 жылғы 16 – желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берілген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткен ірі жеңістерге дәлел болатын мысалдар өте көп. Мәселен, ширек ғасырда Қазақстанда азаматтық қызметкерлердің жалақысы 17,6 есеге өссе, Қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 4,4 есеге ұлғайды. 25 жыл ішінде Қазақстанда баланың тууына орай төленетін жәрдемақы 7 есе көбейді. Соңғы 17 жылда жұмыссыздық көрсеткіші 2,7 есеге азайды.  Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салихалы саясатының арқасында қол жеткізген белестер», – деді Ж.Түймебаев.

 «Тәуелсіздік жетістіктері» атты таныстырылымдық көрме еліміздің ширек ғасырда қол жеткізген жоғары көрсеткіштері – «Қазақстан 2050» стратегиясы, Елордасы – Астананың дамуы, индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі сынды 14 тақырыптық бөлімнен тұрса, қалған 12 бөлім Оңтүстік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен шағын және орта бизнестің дамуы, тұрғын үй құрылысы, ауыл шаруашылығы мен білім, мәдениет, спорт және туризмнің дамуына арналды.

Сонымен бірге, шара аясында егіз туылған нәрестелердің ата-аналарына туу туралы куәліктер беріліп, қоғам өміріне етене араласып, белсенді көзге түсіп жүрген 16 жасқа толған азаматтарға жеке куәліктер тапсырылды. Ал мереке қарсаңында шаңырақ көтеріп, отбасын құрған жас жұбайларға неке куәлігі табысталды.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы» жұлдызды күніндегі шаралар мұнымен бітпейді. Кешке дейін аудан, қалалардағы кітапханаларда «Жеті Жарғы» кітап көрмелері ұйымдастырылып, мәдениет мекемелерінде зиялы қауымның қатысуымен «Мемлекеттілік тарихы» жобасы өтпек. Сондай-ақ, жастарға арналған «Жанұя» қысқаметражды фильмінің тұсаукесері өтсе, білім беру ұйымдарында «Айбарлы Ата заң» тақыбырында ашық сабақтар ұйымдастырылады.  

Тәуелсіздік жылдарында өңір экономикасына 3 трлн. 300 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Сондай-ақ, осы жылдар ішінде 347 денсаулық сақтау нысаны, 491 мектеп, 1491 балабақша пайдалануға берілді. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі 24,1 млрд. теңгеден 670,4 млрд. теңгеге артса, ауыл шаруашылығы 20,0 млрд. теңгеден 426,9 млрд. теңгеге өскен. Сонымен қатар, 25 жылда өңір халқының саны 1,8 миллионнан  2,8 миллионға жетіп, 1 миллионға артқан. Ширек ғасырда 2001 жылы бүкіл мемлекетіміздің бюджеті 508 млрд. теңге болса, бүгінде тек Оңтүстік Қазақстан облысының бюджеті 550 млрд. теңгеге жетіп отыр.

Айта кету керек, қарашаның 21 мен желтоқсан айының 15 күні аралығында өтетін «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» атты 25 жұлдызды күн акциясы «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Мемлекеттік рәміздер», «Мемлекеттік шекара», «Мемлекеттік тіл», «Жаһандық бастамалар», «Азаматтық қоғам», «Бірегейлік және бірлік», «Ұлттық валюта», «Ядролық қарусыз әлем», «Ғылым мен жаңа технологиялар», «Қазақстан Республикасының Президенті институты», «Отбасылық құндылықтар», «Ұлт саулығы», «Спорт жетістіктері», «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы», «Мәдениет және руханият», «Нұрлы жол», «Нұрлы Болашақ», «Білім», «Әлеуметтік жаңғырту», «ЭКСПО «жасыл» технологиялары», «Индустрияландыру», «Қуатты Қазақстан – қуатты өңірлер», «Астана», «Мәңгілік Елдің» мәңгілік құндылықтары»  сынды түрлі атаулармен Тәуелсіздік  жетістіктерін баяндайтын 80-ге жуық тағылымы мол жиын, мерекелерімен жалғасын табады.



http://www.dialog.kz/articles/day-zhest/2016-11-21/25-zvezdnyh-dney-25-osnov-nezavisimosti

21 ноября, 2016 Просмотров: 88 Рейтинг: 0.0



Сегодня в Западно-Казахстанской области под таким названием стартовала широкомасштабная акция.

Акция посвящена четвертьвековому юбилею Независимости страны и стартовала единовременно во всех регионах Казахстана. В Уральске в областном Доме Дружбы в честь этого события состоялся общереспубликанский круглый стол «Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі», в заседании которого приняли участие представители областного суда, этнокультурных объединений, областной и городской прокуратуры, департамента юстиции, департамента госдоходов, инспекции труда, Палаты предпринимателей «Атамекен» ЗКО, медиаторы, адвокаты, педагоги и учащиеся вузов.



– Старт акции «25 звездных дней» – это ответственное и знаменательное событие в преддверии 25-летия Независимости. У нас проводится много мероприятий, и каждое из них должно быть направлено на конкретный результат. Следует отметить, что мы должны доступно доводить до сведения широкого населения все моменты, связанные с реализацией государственной политикой, образованием, здравоохранением, правовыми вопросами. Потому что большинство актуальных ситуаций возникает именно потому, что мы не так детально доносим до народа все инициативы государства. В нашу Конституцию было внесено несколько изменений – это развитие медиации, благотворительность и общественный контроль. Все эти инициативы претворяются в жизнь для того, чтобы привлечь население, гражданский сектор к активности, чтобы каждый был вовлечен в работу совместно с государством, – отметила заместитель руководителя аппарата КГУ «Қоғамдық келісім» Жамал Ихсанова.

– Тема круглого стола очень актуальна, так как Конституция – это и есть гарант прав и свобод человека и гражданина. Именно наша Конституция РК определила права человека и права гражданина, до этого эти два понятия не были разграничены. Необходимо помнить о том, что права гражданина имеют больший объем, но в то же время права человека учитывают и права лиц без гражданства и иностранных лиц. И данные права предоставляются всем в равной возможности. И сегодня за круглым столом и представители НПО, и областного суда, и исполнительной власти провели очень конструктивный диалог касательно нашего основного закона. Конституция обладает высшей юридической силой,  и все закрепленные в ней законы соответствуют международным правовым нормам, – сказала участница круглого стола, директор института правовых исследований КазУИиТС Бахыт Чингаева. – Закон о медиации был принят в 2011 году, приоритет в нем уделяется именно досудебному разрешению споров, и профессиональные и непрофессиональные медиаторы разрешают споры.

Таким образом, разгружены суды, так как именно разрешение споров в медиативном порядке дает возможность гражданам примириться и не доводить дело до суда.

Мероприятия в рамках акции «25 звездных дней» пройдут в период с 21 ноября по 15 декабря в преддверии 25-летнего юбилея Независимости.

http://www.inastana.kz/news/1449939






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет