ҚХА КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
http://assembly.kz/kk/news/kha-kenesinin-keneytilgen-otyrysy-otti
2016 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кеңейтілген отырысына қатысты.
Отырысқа ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Е.Л.Тоғжанов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ассамблея мүшелері, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Гүлшара Әбдіқалықова өз сөзінде Тәуелсіздік жылы «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі қабылданғанын, Ассамблеяның институционалдық тұрғыдан нығайтылып, жаңа функционалдық бағыттарының жүзеге асқанын атап көрсетті. Бұл ҚХА қоғамдық келісім кеңестері мен медиация жүйесі орныққан, «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жалпыреспубликалық жобасы мен ҚХА-ның ауқымды қайырымдылық жобалары жүзеге асқан жыл болды.
ҚР Мемлекеттік хатшысы қатысушыларды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, Ассамблея мүшелерінің, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА құрылымдарының қоғамдағы бірлік пен келісімді, тұрақтылықты қамтамасыз етудегі үлесін атап өтті.
Отырыс барысында Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтің басшылығымен еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін қалыптастыру мен дамытудағы Президенттің рөлі талқыланды.
ҚХА кафедралары қауымдастығының төрағасы А.А.Башмаков өз сөзінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюындағы Елбасының рөліне тоқталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Р.С.Халмурадов «Қазақстан халқы Ассамблеясы - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің берік негізі» деген тақырыпта баяндама жасады.
Достық үйлері әдістемелік кеңесінің төрайымы Н.Д.Нестерова Тұңғыш Президент күніне арнап ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ шығарған Ізгі тілектер кітабын (халықтың президентке жазған хаттары) таныстырды. «Менің Елім – Мәңгілік Ел» атты жалпыреспубликалық жастар акциясының нышаны «Мәңгілік Ел» жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» - «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» к 25-летию Независимости Республики Казахстан» атты кітап туралы акцияның белсенді қатысушысы М.Споткай айтып берді.
Сондай-ақ отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы қатарына жаңа мүшелер қабылданды – олар қоғам қайраткерлері, белгілі спортшылар, Қазақстан этностарының жас өкілдері және басқалар.
Жұмыс қорытындысы бойынша ҚХА Кеңесі Мемлекет басшысына үндеу қабылдады.
ПРОШЛО РАСШИРЕННОЕ ЗАСЕДАНИЕ СОВЕТА АНК
http://assembly.kz/ru/news/proshlo-rasshirennoe-zasedanie-soveta-ank
29 ноября 2016 года Государственный секретарь Республики Казахстан Г.Н.Абдыкаликова приняла участие в расширенном заседании Совета Ассамблеи народа Казахстана, посвященном 25-летию Независимости страны.
В заседании также приняли участие Заместитель Председателя АНК – заведующий Секретариатом Е.Л.Тугжанов, депутаты Мажилиса Парламента РК, члены Ассамблеи, общественные деятели, представители научной и творческой интеллигенции.
В своем выступлении Гульшара Абдыкаликова отметила, что год Независимости стал для нас годом принятия Патриотического акта «Мәңгілік Ел», институционального укрепления Ассамблеи народа Казахстана и реализации ее новых функциональных направлений. Это год утверждения системы советов общественного согласия и медиации АНК, реализации общереспубликанского проекта «Большая страна – Большая семья» и масштабных благотворительных проектов АНК.
Государственный секретарь РК поздравила присутствующих с 25-летием Независимости, отметив вклад членов Ассамблеи, этнокультурных объединений и всех структур АНК в обеспечение стабильности, единства и согласия в обществе.
На заседании были обсуждены достижения страны за годы Независимости под руководством Лидера Нации – Первого Президента РК Н.Назарбаева, его роль в становлении и развитии казахстанской модели общественного согласия и общенационального единства.
В своем выступлении председатель Ассоциации кафедр АНК Башмаков А.А., осветил роль Лидера Нации в становлении и укреплении Независимости Республики Казахстан. Заместитель Председателя Ассамблеи народа Казахстана Халмурадов Р.С., выступил с докладом «Ассамблея народа Казахстана – фундамент укрепления Независимости Республики Казахстан».
Председатель методического совета Домов дружбы Н.Д.Нестерова презентовала Книгу пожеланий мира (письма народа Президенту), выпущенной РГУ «Қоғамдық келісім» при Президенте РК ко Дню Первого Президента. О символе Общереспубликанской молодежной акции Ассамблеи народа Казахстана «Менің Елім – Мәңгілік Ел» – книге «Мәңгілік Ел» жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» - «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» к 25-летию Независимости Республики Казахстан» рассказал активный участник акции М.Споткай.
Также в ходе заседания в ряды Ассамблеи народа Казахстана были приняты новые члены – известные спортсмены, общественные деятели, молодые представители этносов Казахстана и другие.
По итогам работы Совет АНК принял обращение к Главе государства.
ОФИЦИАЛЬНАЯ СТРАНИЦА АНК НА FACEBOOK.COM
Достарыңызбен бөлісу: |