Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелігіне 25 адам қабылданды. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Ассамблея кеңесінің отырысында мәлім етті.
Ол өз сөзінде Ассамблеяның соңғы жылдары атқарған жұмысына жоғары баға берді. Ұйым қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп, этносаралық қарым-қатынасты реттеуге зор үлес қосты. Оның құрамындағы 3 мың медиатор тұрғындардан түскен 9 мың дауды шешуге көмектесті.
Айта кетейік, алқалы жиынға Ассамблея төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, Мәжіліс депутаттары мен қоғам қайраткерлері қатысып, Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерді қорытындылады.
Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
- Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының басты стратегиялық құжаттары жүзеге асты. «Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту» мен Ассамблеяның 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамалары ел бірлігінің бекемдеуіне сеп болды. Сондай-ақ, жақында қабылданған «Мәңгілік ел» патриоттық актісі бүкіл халықтың құндылығын айқындап берді.
Г.Абдыкаликова: 2016 год – год реализации главных стратегических документов РК
http://24.kz/ru/news/policy/item/151015-g-abdykalikova-2016-god-god-realizatsii-glavnykh-strategicheskikh-dokumentov-rk
Достарыңызбен бөлісу: |