Астана қаласы №10 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Қарабалаұлы Қайрат Эссе Мeн – қазіргі заман педагогімін



Дата05.06.2020
өлшемі18,47 Kb.
#72423
Байланысты:
00013890-0e2b409b


Астана қаласы №10 мектеп-гимназиясының

тарих пәнінің мұғалімі Қарабалаұлы Қайрат


Эссе
Мeн – қазіргі заман педагогімін
«45 жыл мұғалім болсаңда,  45 минуттық сабағыңа дайындал»

Ы. Алтынсарин
Заман. Қоғам. Уақыт. Тұлға. ХХІ-ғасырда осы төрт ұғымды біріктіруші ұлы күш иесі - мұғалім. Сынаптай тез жылжыған уақытпен тез өзгеретін заманда қоғамына сай тұлға тәрбиелеу мұғалім еншісінде.

Қазіргі заман талабына сай білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады», - дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін - өзі басқару, өзін - өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси - экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген жаңа ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан - жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», - деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Педогогтік шеберлік - дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі.

Өйткені, әрбір  мемлекеттің  өсіп  өркендеуінің,  бәсекеге  қабілетті болуының ең басты ошағы - ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен  көрінгісі  келген  кез  келген  мемлекет  ең  алдымен, білім  беру саласын дұрыс  жолға  қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Осы мақсатқа жетудің бірден бір оңтайлы жолы - Кембридж бағдарламасының біліктілік арттыру бойынша «Деңгейлік оқу» деп тұжырым жасап, теңдесі жоқ бағдарлама деп өз басым баға беремін.

Ендеше, бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ  тәрбиелеу  жаңа  формация  мұғалімінің  еншісіне  тиері  анық. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Бұл нағыз ұстаздың, яғни жаңашыл мұғалімнің қолынан келеді деп сенгім келеді. Білім беру процесінде оқытудың инновациялық технологиялары жедел қарқынмен енгізіліп жатқан қазіргі дәуірде оқу материалын меңгеру үшін Бенджамин Блум ұсынған төмендегідей жүктемесін пайдалану үлкен нәтижелерге қол жеткізгендігін педагогикалық тәжірибем көрсетуде: білу – түсіну – қолдану – талдау – жинақтау - бағалау секілді тәжірибелерді мен кеңінен қолданамын. «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету», «ойлау туралы ойлану» арқылы әрбір оқу пәнін меңгеру процесінде оқушы сол пәнге сәйкес ойлау тәсілдерін де меңгере бастайды және оқушы өзінің айналасын танып біледі, сыни көзқарасын дамытады. Пәннің негізін меңгертуде пән мұғалімдері күтілетін нәтижеге жұмыс жасайды. Сол себепті сабақта оқытудың әр түрлі әдіс - тәсілдерін пайдалана отырып, оқушының ойлау қабілетін арттыру, өз бетімен жұмыс істеуін шығармашылық қызметке баулуды әр түрлі деңгейде пайдалануға болады. Сапалы  білім  негізі – жан - жақты  ақпараттық  материал­дар­ды, көрнекі  құралдар  мен  ұтым­ды  технологияларды,  тиімді  әдіс - тәсілдерді пайдалана  отырып,  білім  алушыға  ешбір  кітаптан  таба  ал­майтын  білім  беру.  Өйткені, тек оқулықтағы   білімді  жеткізуші  мұ­ғалімнің  құны  жоқ  деп  ой­лай­мын.  Оқулықтағыны  оқушы  өзі  де  оқып  алады. Ал шығармашылық жан - жақты болуын қамтамасыз етеді. Оқушыларға тиянақты білім беруде сабақты түрлендіріп өтуі үшін әрбір мұғалімнің көп ізденуі шарт. Дәстүрлі емес сабақ түрлерін қызықты өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасының жоғарлауын көрсетеді. Бүгінгі шәкірт - ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі.



ХХІ ғасыр қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр - марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр. Бірақ та бұл тек біздің ғана қолымызда емес, жас жеткіншектердің қолында. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан - жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің «Егер балалар бірдеңе түсінбейтін болса», оқытушы оларды кіналауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кіналауға тиіс» - деген қанатты өсиетімен аяқтамақпын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет