Құрақты қысқа көшесі
Бұрынғы атауы – А.Суворов қысқа көшесі. Құрақты қысқа көшесі Конституция көшесінен басталып, Қырыққыз орамында аяқталады. М.Дулатов, Тайсойған көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 733,6 м.
Құрақты – шалғыны мол, шұрайлы жер атауы. Қазақтар шөбі шүйгін, жасыл жерді «құрақ» деп атаған.
Қызан орамы
Бұрынғы атауы - №6 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Қызан орамы Абылай хан даңғылынан басталып, М.Төлебаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 401,3 м.
Қызан – Маңғыстау облысындағы жер атауы.
Қызылжар орамы
Бұрынғы атауы – Петропавл қысқа көшесі. Қызылжар орамы Жезкиік орамымен қиылысып, Сусамыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 375,2 м.
Қызылжар – Петропавл қаласының бұрынғы аты. «Қызыл» сөзінің мәні жардың топырақ бетінің реңімен байланысты. Еліміздегі көптеген елді мекендердің атауы.
Қызылкөл орамы
Бұрынғы атауы - №8 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Қызылкөл орамы Абылай хан даңғылынан басталып, М.Төлебаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 387,8 м.
Қызылкөл – Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы тұзды көл.
Қызылқұм орамы
Бұрынғы атауы - №28 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Қызылқұм орамы Обаған көшесінен басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 303,4 м.
Қызылқұм – Әмудария мен Сырдария аралығындағы құмды алқап.
Қыранқия орамы
Бұрынғы атауы – Вячеславский қысқа көшесі. Қыранқия орамы В.Вишневский көшесінен басталып, Вячеславский көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 251,1 м.
Қыранқия – Талдықорған өңіріндегі таудың аты.
Қырат орамы
Бұрынғы атауы – Турбинный қысқа көшесі. Қырат орамы А.Чехов көшесінен басталады. Ұзындығы – 45 м.
Қырат – жер бетінің төңірегімен салыстырғандағы көтеріңкі бөлігі. Қыраттың биіктігі – 200 м немесе одан да жоғары болады. Қазақстанда Көкшетау, Мұзбел, т.б. көптеген ірі қыраттар бар.
Қырыққыз орамы
Бұрынғы атауы – С.Чернов қысқа көшесі. Қырыққыз орамы Ақан сері көшесінен басталып, Қарталы көшесінде аяқталады. А.Суворов, Құрақты қысқа көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 321,7 м.
«Қырыққыз» – қарақалпақ халқының батырлық эпосы.
Достарыңызбен бөлісу: |