Ардагерлер көшесі
Бұрынғы атауы – Целинный көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Ардагерлер көшесі Д.Бабатайұлы көшесінен басталып, Шұғыла көшесінде аяқталады. Нарын, Қайыңды, Сұлукөл көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1310,5 м.
Ардагер – «құрметті, қадірлі, ардақты» деген мағынаны білдіретін этикалық ұғым. Ел қамын ойлап, елге еңбек сіңірген абыройлы адамды халық «Ардагер» деп жоғары бағалаған.
Арқайым көшесі
Бұрынғы атауы – №24 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Арқайым көшесі М.Төлебаев көшесінен басталып, Абылай хан даңғылында аяқталады. Ер Көкше, Ер Қосай, Ер Тарғын көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 509,1 м.
Арқайым – орта қола кезеңінен (б.з.б. 2-мыңжылдық) сақталған тарихи және мәдени ескерткіштер кешені. Арқайым Қостанай облысында орналасқан.
Арқалық көшесі
Бұрынғы атауы – №25 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Арқалық көшесі Баршын көшесінен басталып, Ұлытау, Мыңжылқы, Қайнар, Сарыөзен, Зайсан, Ақсуат көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1419,8 м.
Арқалық – Қостанай облысының оңтүстік-шығысындағы қала.
Достарыңызбен бөлісу: |