Атбасар көшесі
Атбасар көшесі Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Қарталы көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 655,7 м.
Атбасар – Ақмола облысы, Атбасар ауданының орталығы. Астана қаласының солтүстік-батысында 232 шақырым жерде, Жабай өзенінің оң жағасында орналасқан.
Атырау көшесі
Бұрынғы атауы – №36-3 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Атырау көшесі Сұлутөр, Машат орамы, Жылыой көшесімен қиылысып, Аягөз көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 508 м.
Атырау – қала, облыс орталығы. Каспий теңізінен солтүстікке қарай 30 шақырым жерде, Жайықтың екі жағасын бойлай орналасқан.
Ашхабад көшесі
Ашхабад көшесі Игілік көшесінен басталып, Ташкент көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 447,1 м.
Ашхабад – Түркіменстан Республикасының астанасы.
Ащысай көшесі
Бұрынғы атауы – Линейный көшесі. «Железнодорожный» тұрғын алабы. Ащысай көшесі В.Маяковский көшесінен басталады. Ұзындығы – 394,8 м.
Ащысай – елімізде кездесетін бірнеше жер-су атаулары. Осы аттас өзендер мен елді мекендер бар.
Аягөз көшесі
Бұрынғы атауы – №36-2 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Аягөз көшесі Мәртөбе орамы мен Атырау, Шарбақкөл, Таңбалытас көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 634,2 м.
Аягөз – Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары аумағы арқылы ағатын өзен. Тарбағатай жотасынан басталып, Балқаш көліне құяды.
Достарыңызбен бөлісу: |