Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «Руханият» орталығы дайындаған Астана қаласы ономастика комиссиясы мақұлдаған



бет53/209
Дата06.02.2022
өлшемі1,72 Mb.
#34511
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   209
Белжайлау көшесі
Бұрынғы атауы – Энергетиктер көшесі. Белжайлау көшесі Г.Әлиев көшесінен басталады. Ұзындығы – 132,3 м.
Белжайлау еліміздегі көптеген жайлаулардың атауы.


Берел көшесі
Бұрынғы атауы – Целинный көшесі. Берел көшесі Бөгенбай батыр даңғылынан басталып, Мәскеу, Ә.Молдағұлова көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 815,4 м.
Берелсақ дәуірінен сақталған тарихи ескерткіш. Шығыс Қазақстан облысында орналасқан.

Берен көшесі
Бұрынғы атауы – №49 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Берен көшесі Балқантау көшесінен басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Таскескен көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 320,5 м.
Берен – сауыттың бір түрі, «болат темірлі сауыт» деген ұғымды білдіреді.

Бесбалық көшесі
Бұрынғы атауы – №132 көше. Бесбалық көшесі Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабындағы (оң жақ) көше. Ұзындығы – 310,3 м.
Бесбалықорта ғасырлардағы көне түркі қаласы.

Бестерек көшесі
Бұрынғы атауы – В.Чапаев көшесі. Бестерек көшесі Сарыарқа даңғылы мен Ә.Ділманов көшесін қиып өтіп, Жеңіс даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 765,3 м.
Бестерек – жер-су атауы. Қазақстанда осы аттас елді мекендер мен өзен аттары кездеседі.
Бестөбе көшесі
Бұрынғы атауы – Бестюбинский көшесі. Бестөбе көшесі Мақат көшесінен басталып, Жолымбет көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 358,6 м.
Бестөбе – шоқы, төбе, тау атауы, Ақмола облысындағы елді мекен атауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   209




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет