Д.Карбышев қысқа көшесі
Д.Карбышев қысқа көшесі Оқжетпес көшесінен басталып, Д.Карбышев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 347,9 м.
Карбышев Дмитрий Михайлович (1880-1945) - әскери инженер, инженерлік әскердің генерал-лейтенанты. Кеңес Одағының Батыры.
Д.Лихачев қысқа көшесі
Д.Лихачев қысқа көшесі Севастополь қысқа көшесінен басталып, Минский қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 162,9 м.
Лихачев Дмитрий Сергеевич (1906-1999) - әдебиетші және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері.
Дальний қысқа көшесі
Дальний қысқа көшесі Бекетай көшесінен басталады. Ұзындығы – 417,8 м.
Дальний – «алыс, ұзақ, шалғай» деген мағынаны білдіреді.
Дегелең орамы
Бұрынғы атауы - №2 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Дегелең орамы Қозыбасы көшесінен басталады. Ұзындығы – 265,3 м.
Дегелең – Сарыарқаның солтүстік-шығысындағы шоқылы тау. Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан.
Дегерес орамы
Бұрынғы атауы - №1 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Дегерес орамы Ақарыс көшесінен басталып, Бурабай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 460,7 м.
Дегерес – Іле Алатауының батысындағы үстіртті тау. Алматы облысының Жамбыл ауданының жерінде орналасқан.
Елек орамы
Бұрынғы атауы – Орский қысқа көшесі. Елек орамы Кеншілер көшесінен басталады. Ұзындығы – 203,8 м.
Елек – Жайық алабындағы өзен. Ресейдің Орынбор, Қазақстанның Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары жерімен ағып өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |