Есіл қысқа көшесі
Есіл қысқа көшесі Астрахан қысқа көшесінен басталып, Ж.Тәшенов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 256,4 м.
Есіл – Ертіс өзенінің сол жақ саласы. Қазақстанның Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ресейдің Түмен, Омбы облыстары жерінен өтетін өзен.
Ж.Төлеубаев қысқа көшесі
Ж.Төлеубаев қысқа көшесі А.Герцен көшесінен басталып, Тамшалы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 345 м.
Жақан Төлеубаев (1898-1978) – мал өсіруші, Социалистік Еңбек Ері.
Жазық орамы
Бұрынғы атауы – Лесозаводской қысқа көшесі. Жазық орамы Гүлдала орамынан басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1037,5 м.
Жазық – тауы, қыраты, белі жоқ, көкжиегіне көз жетпес мекиен дала. Құрлықтағы және мұхит пен теңіз түбіндегі әр түрлі биіктіктер мен тереңдіктерде кездеседі. Қазақстандағы ірі жазықтар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Тұран.
Жайдарман орамы
Бұрынғы атауы - №24 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Жайдарман орамы Балбырауын көшесінен басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 241,1 м.
Жайдарман – кісіге байланысты айтылады. Ақкөңіл, жарқын жүзді, жайдары дегенді білдіреді.
Жалаулы орамы
Бұрынғы атауы – Н.Крупская қысқа көшесі. Жалаулы орамы Тамшалы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 171,2 м.
Жалаулы – Сілеті және Қарасу өзендерінің тұйық алабындағы көл. Павлодар облысының Ақтоғай ауданы жерінде орналасқан.
Жаңаөзен орамы
Бұрынғы атауы - №19 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Жаңаөзен орамы Аршын көшесінен басталып, Керуен орамында аяқталады. Ұзындығы – 167,7 м.
Жаңаөзен – Маңғыстау облысындағы қала.
Достарыңызбен бөлісу: |