Железнодорожный қысқа көшесі
Железнодорожный қысқа көшесі Колхозный көшесінен басталып, Шымкент қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 202,9 м.
Железнодорожный (теміржол) – локомотивтер мен вагондардан тұратын теміржол көлігінің жүруіне арналған теміржол.
Жетісай орамы
Бұрынғы атауы – Ю.Малахов қысқа көшесі. Жетісай қысқа көшесі Ю.Малахов көшесінен басталады. Ұзындығы – 949 м.
Жетісай – Оңтүстік Қазақстан облысындағы қала.
Жұмбақтас қысқа көшесі
Бұрынғы атауы - №2 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы. Жұмбақтас қысқа көшесі Жаңақоныс көшесінен басталады. Ұзындығы – 599 м.
Жұмбақтас – Ақмола облысы, Бурабай курортындағы көлдің ортасына орналасқан арал тас. Жұмбақтас аталу себебі көлдің әр жағынан қарағанда тас түрлі кейіпке еніп, қызға, кемпірге, қолтырауынға, т.б. ұқсайтын болғандықтан атаған.
Жігер орамы
Бұрынғы атауы – Юбилейный қысқа көшесі. Жігер орамы Г.Игищев көшесінен басталып, Шарбақты көшесінде аяқталады. Бастөбе көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 227,2 м.
Жігер – адамның ұнамды ерік сапаларының бірі. «Қажыр-қайрат, күш-қуат» деген мағынаны білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |