Демультиплексор бір ақпараттық кірістен келгкен ақпаратты адрестік кірістердегі сигналға байланысты бірнеше шығыстардың біреуіне тасымалдауды басқаруға арналған комбинациялық логикалық құрылғы.
а) б)
Сурет - 3. Демультиплексор схемасы (а) және оның шартты-графикалық бейнеленуі.
Сонымен, демультиплексор мультиплексорға қарама қайшы функцияны атқарады және жалпы жағдайда бір ақпараттық кірісі, n адрестік кірісі және m ақпараттық кірісі болады. Әдетте, бұл жағдайда да (мультиплексордағыдай) m = 2n қатынас орнаса, демультиплексор толық деп аталады, ал егер m<2n болса толық емес деп аталады.
2 адрестік кірістері, 4 ақпараттық кірістері және 1 стробтаушы кірісі бар демультиплексордың жұмысы келесі логикалық теңдеумен баяндалады:
ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтерінен тұратын және (2) өрнектеріне сәйкес демультиплексордың схемасы және шартты графикалық бейнеленуі 3-суретте келтірілген. Демультиплексорды DMS немесе DMX таңбалары арқылы белгілейді.
IV. Нығайту. «Кубизм» әдісі бойынша тақырыпты нығайту – 17 минут
Тақырыпты сипатта
Салыстыр
Ұсын
Дәлелде
Талда
Ой толға
V. Рефлексия:
«Сабақты бағала». (смайликтер арқылы сабақты бағалау) – 1 минут
VI. Үйге тапсырма– 1 минут
Айғараева Ғ.Ә., Асанова Қ.С., Нысанов М.А. «Сандық қондырғылар және микропроцессорлық жүйелер» 150-158 беттер
VIІ. Қорытынды жасау және бағалау - 1 минут
Достарыңызбен бөлісу: |