Қорытынды
«Таза болса табиғат-аман болар адамзат», - деп дана қазақ халқы айтқандай адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Ал адамның сол әсерінің салдары табиғатқа зиянды болуы мүмкін. Энергия үнемдеу қағидасына негізделген экологиялық қауіпсіз және арзан технологияларды қолданудың есебінен болашақта тамаша экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге болады. Осыған орай көптеген мемлекеттерде баламалы энергетикаға байланысты экологиялық жобалар іске асырылуда. Бүгінгі таңда биоотын энергиясы балама энергия көздерінің арасында алдыңғы қатарда тұр.
Биоотынның әрі қарай даму болашағы келесі факторлармен байланысты болады:
мұнайдың бағасымен;
қымбат емес шикізат түрлерінің болуымен;
үкіметтің қолдауымен;
екінші буынды биоотынның бағасының төмендеуіне әкелетін технологиялық жарылыстар;
отынның альтернативтік түрлері жағын пайда болатын бәсекелестік.
Егер биоотынның өндірілуі тоқталатын болса онда мұнай және бензин бағалары бірнеше пайызға көтеріліп кетуі мүмкін.
Шын мәнінде биоотын өндіріс саласы мұндай айналымдармен ешқашан және ешқайда жоғалмайды, бұл әрине биоотын өндірісінің өсу қарқынын растап отыр.
Қазіргі уақытта, үшінші буынды биоотынды өндіруді одан әрі кеңейту мәселелері жөнінде әлем бойынша пікірталас туындауда.
Биоотының үшінші буынын өндіру үшін жетілген, құнды және қымбат технологиялық әдіс-тәсілдерді талап етеді.
Биоотының индустриясының дамуының түйінді мәселесі шикізаттық база мен технология болып табылады.
Шикізаттың базасы әр өңірге байланысты болады: Бразилияда этанол қант қамысынан өндіріледі, бұл өзіндік құнын төмендетуін қамтамасыз етеді, АҚШ жүгері крахмалынан, ал Еуропа қант қызылшасынан, картоп және тары крахмалынан өндіреді.
Еліміздің энергетикалық балансында биоотын үлесінің тарапы бойынша Қазақстан Батыс Еуропадан айтарлықтай кейін қалуына қарамастан біз осы салада бизнесті дамыту үшін үлкен мүмкіндік бар деп болжаймыз. Бұл жерде жаңа технологиялар және оларды енгізу, өндірістік жабдықтарды жасап шығару және оларды іске асыру туралы сөз қозғалып отыр. Бұл салада көптеген жеке компаниялар белсенді жұмыс істейді.
Біздің жұмысымыздағы Bio-Grow қондырғысы арқылы өсірілген шикізат көзі балдыр толық, қалдықсыз қажеттілікке жаратылады. Ол бір отбасын жылумен, электр көзімен, көлікке қажетті отын және мал азығын береді. Сонымен қатар осы қондрғының негізігі жұмыс көзі - микробалдыр өсіру үшін тиімді жағдайлар әрбәр үйде қалыптасқан. Яғни балдырлар қажетті қоректік ортада, 31-36 ºС температура жағдайында жақсы өсетіндігі белгілі болды. Ал фотосинтезге қажетті жарықты күндіз күн сәулесінен, түнде арнайы орнатылған үнемді жарық лампалары. Ол әрі балдырға әрі есіктің алдын жарықпен қамтамасыз етеді. Bio-Grow қондырғысының аквариумның сыйымдылығын есептей келе бізге қажетті май көлеміде белгілі болды. 1 күнде 20 кг май алуға болатын бұл биореактордың өнімділігі өте жоғары. Осыған сәйкес біз қарастырған - Bio-Grow биореакторын шын мәнінде тұрмыста қолданар болсақ, онда өзекті мәселелеріміз өз күшін жоғалтып, қарапайым халықтың тұрмыс жағдайы жақсы болар еді.
Ал, қазіргі кезде электр энергиясын өндіру әлемнің басты мәселесіне айналды. Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көмір, мұнай жағылып жатса оның табиғатқа деген зиянын есептей беріңіз. Пайдалы қазбалар азайып, ауа мен су ластанып, орман қоры аяусыз кесіліп жатқан заманда, келер ұрпаққа не қалдырамыз деп толғанып көрейік. Электр энергиясына деген сұраныс-тың күн санап өсіп келе жатқанын ескерсек, оны өндірудегі қиындықтар, АЭС, СЭС, ЖЭС-тың күн сайын ауаға шығарып жатқан улы қалдықтары, табиғатқа келтіріп жатқан есепсіз зияны, жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың сарқылуын еске алатын болсақ, бізге баламалы энергия көздерін дамыту қажет. Біз табиғатты қорғауға аз да болса үлес қоса аламыз және артық орын алып отырған күн, жел энергияларын тиімді пайдалануға және ауылшаруашылығынан , мал шаруашылығынан шығып отырған қалдықтарды биоотынмен дұрыс алмастыра отырып қалдықсыз ортаға айналуға себепші бола аламыз...
Достарыңызбен бөлісу: |