Астана қаласының Білім басқармасы


сурет – Үшінші буынды шикізат түрі – балдырлар



бет10/15
Дата07.02.2022
өлшемі0,76 Mb.
#83826
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ғылыми жоба

2 суретҮшінші буынды шикізат түрі – балдырлар

Балдырлардың мұнай мен газға қарағанда қуаты төмен. Дегенмен, бұл адамзат алдында тұрған бірқатар қиындықтарды шешуі мүмкін. Мәселен, Жапон мемлекеті жағажайды балдырлардан тазарту үшін қыруар қаражат жұмсайды. Ал, бұл ел қазынасын үнемдеудің тағы бір мүмкіндігі болмақ. Балдырларды резервуарға салып ашытады. Ашыған балдырдан бөлінген метанды электр генераторларға жібереді.




ІІІ. Үй жағдайында балдырлардан энергия өндіру технологиялары.


Үй жағдайында биоотынды өндіру: Bio-Grow биореакторы


Бүгінгі танда биоотынның бағасы күн сайын емес, сағат сайын өсіп жатқан кезде, əсіресе биоотынды үй жағдайында жасыл балдырлардан алатын құрылғы өте өзекті. Көптеген зерттеушілер биоотынды өндіру мəселесімен жұмыс істеп жатыр, олардың жоспары бойынша болашақта ол мұнай шикізатын алмастыруы мүмкін. Биоотынды жүгеріден, қант қамысынан, тіпті құбырдан жəне үйінділердің алуға болады, оның шығыны өте аз және қарапайым үй жағдайында бір жасушалы балдырардан энергия өндіруге мүмкіндік береді. Bio-Grow құрылғысы үй жағдайында биоотын өндірудің керемет баламасы бола алады.
Біздің ұсынып отырған жобадағы тәуелсіз Bio-Grow биореакторын қолдану арқылы қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайлары жақсаратын еді. Яғни жылу, электр энергия, ауылшаруашылықта пайдаланатын жағар май және мал азық мәселелері шешілер еді. Сонымен қатар еліміздің экономикалық жағдайының көтерілуіне септігін тигізіп, экологиясын жақсартуға үлес қосады. Жалпы биореактор дегеніміз – биотехнология өндірісінде микроорганизмдерді, өсімдік және жануарлар клеткаларын өсіру үшін қолданылатын апарат. Ұсынып отырған жұмыста Марк Шницердің Bio-Grow қондырғысы зерттелді. Bio-Grow биореакторының негізгі міндеті – біржасушалы хлорелла балдырын үй қабырғасында өсірілу арқылы қондырғының көмегімен балдырлардан миомассаны, яғни органикалық майды бөліп алу.
Бір жасушалы теңіз балдырларын аквалангпен су астында демалу үшін ғана емес, сонымен қатар судың гүлденді кезінде биоотынды жасау үшін қолдануға болатындығы жайлы өте көп жазылған. Бұл жоспардағы ең прогрессивті жəне актуалды бағыт-бұл фитополактонды «үшінші буынның биоотыны» жасау үшін оны жинау болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет