Астана қаласының білім басқармасы


-тапсырма «Ассоцация» әдісі



бет11/14
Дата30.09.2023
өлшемі4,23 Mb.
#183107
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Эссе жұмыс дәптері

1-тапсырма «Ассоцация» әдісі





Мәңгілік ел








2-тапсырма «Мәңгілік ел-мұратым» эссе құрылымын сақтай отырып, ойыңызды
білдіріңіз
25 тақырыбы Төрт түлік мал-халқымыздың байлығы


1-тапсырма Сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз

2-тапсырма Кестені толтыңыз



Төрт түліктің түрі

Мал иесі, пірі

Малдың қалай шақырамыз?

Малдың үні

төлдері












































































26 Тақырыбы Робототехника-заман талабы




1-тапсырма
Бүгінде ғалымдар бірнеше жылдан кейін роботтар адам еңбегінің орнын басып, кейбір мамандық иелерін жұмыссыз қалдыруы мүмкін екендігін айтуда. Сіздің ойыңызша, адам қолымен, адам ақылымен жасалуы тиіс жұмыстарды роботтар толықтай атқара алуы мүмкін бе? Ғалымдардың бұл пікірімен сіз қаншалықты келісесіз?
ПОПС формуласын толтырыңыз.
1. Менің ойымша...
2. Себебі, мен оны былай түсіндіремін...
3. Оны мен мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламын...
4. Осыған байланысты, мен мынадай шешімге келдім...


2-тапсырма
Эссеге қойылатын талаптарды ескере отырып, «Жаңа технология-жетістіктер бастауы » тақырыбына мәтін құраңыз

27 Тақырыбы «Туған елім неткен көркем!»




1-тапсырма Сурет бойынша мәтін құраңыз

2-тапсырма Берілген мәтіндегі негізгі ойды анықтап, эссе жазыңыз

Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?


Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін?
Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шайын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін?
Туған жердің артығын, жазатайым іс етіп, күштілерге күш етіп, еріксіз елден айырылған, шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе, кім білсін?
Туған жердің асылын қараңғы үйге қамалып, қара нан мен қара шай жүрегін кесіп жатқанда, қазы қарта, сары қымыз көзінен бір-бір ұшып есіл елін сағынған, бір көруге зар болған тұтқын білмесе, кім білсін?
( Ж.Аймауытов «Қартқожа» романы)

28 Тақырыбы «Ана тілім-сарқылмайтын байлығым»




1-тапсырма Мәтіндегі тірек сөздерді сиқырлы сандықшаға салыңыз және мәтін құрылымын анықтаңыз ( кіріспе, негізгі, қорытынды)


Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.
Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет тана сүтімен кірмейді. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы. ХХ ғасырдың ұлы жемісі – Қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Мақсатымыз - ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде – ұлт та жоқ.
О, туған ана тілім! Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – Қазақ тілі. Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз. Қазақтар “Ананың тілі” деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет