Эссе
2-тапсырма «Ойды жалғастыр» әдісі. Берілген мәтіндегі ойды жалғастырыңыз
Тәуелсіз елдің патриотымын!
«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда.
3-тапсырма «Еңсесі биік егемен елміз» ойтолғау
№2 Тақырыбы. Эссе мен шығарманың айырмашылығы
эссе
|
шығара
|
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.
|
Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі.
|
Эссе – еркін композициялық құрылымға негізделген немесе көркем-публицистикалық жанрдың бір түрі
|
Шығарма – белгілі бір берілген тақырыпқа арналған, міндетті құрылымнан тұратын, тек пәндік білімге бағытталған шығармашылық жұмыс.
|
Эссе қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес.
|
Шығармада жоспарды жазу міндетті.
|
Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді.
|
Шығарма формасы оның түріне байланысты, көбінесе көркем мәтінді талдауға негізделеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |