Ақсу қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы



Дата26.08.2017
өлшемі45,37 Kb.
#28999
Ақсу қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясымемлекеттік мекемесінің оқушыларының тәртіп сақтау ережелері

Бұл Ереже мектеп ғимараты мен аумағында оқушылардың тәртібін белгілейді. Ереже мақсаты – мектептің тұрақтанған жұмыс жағдайын,әр оқушының оқуға,тұлғаның құқығы мен қадірін тәрбиелеуге,мәдени дамуға,қарым-қатынас жасаудың тәртібі мен машығының дамуына жағдай жасау.



1. Жалпы тәртіп сақтау ережелері:

1.1. Оқушы мектепке сабақ басталмастан 15-20 минут бұрын мектеп бұйрығына сәйкес таза және ұқыпты мектеп формасымен келіп,киім ілінетін бөлмеде сыртқы киімін шешіп ,екінші ауыстыратын аяқ киімін киеді.Кейін сабақ өтетін сыныпқа барып,өз жұмыс орнына отырып,сабаққа керекті құралдарын дайындайды.

1.2. Мектепке және мектеп территориясына суық қарулар,жарғыш немесе өртке қарсы,алкогольды сусындар,наркотиктер,газ баллондарын,сағыз, чипсы,улы және дәрігер қолдануға қатаң тыйым салынған басқа да заттар әкелуге тыйым салынады.

1.3. Мұғалімдердің келісімінсіз оқушыға сабақ уақытында мектептен кетуге рұқсат етілмейді.Оқушы сабақ босатқан жағдайда сынып жетекшісіне сырқаттануы туралы дәрігерден анықтама немесе сабақ жібергенінің себебі туралы ата-анасының қолхатын беруі тиіс.Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді;

1.4. Оқушы мектепте оқу құралдарымен (дәптер,оқулық,күнделік),сабақ кестесіне сәйкес орындалған үй тапсырмасымен келеді.Сабаққа оқу-тәрбие үрдісіне қатысы жоқ құнды гаджеттер әкелуге тыйым салынады.

1.5.Оқушы үлкендерге құрмет,кішілерге ізет көрсетуі тиіс; Оқушылар,мұғалімдер бір-біріне құрметпен қарайды.Оқушылар –үлкендерге,жоғары сынып оқушылары – кішілерге,ұл балалар – қыз балаларға жол береді.

1.6.Оқушы мектепте және мектептен тыс жерде әдептілік,біліктілік қасиеттерін сақтауы тиіс;

1.7.Мектеп мүліктеріне өз мүлкіне сай мұқият қарауы тиіс;оны жөндеуге қолдан келерлік көмек береді.

1.8.Мемлекеттік білім беру мекемелері талап етілген киімнің іскерлік стилін ұстанады:

Дәлме дәл іскерлік стилі:белгіленген үлгідегі мектеп формасы (классикалық үлгідегі шалбар,тізеге дейін юбка).

Әртүрлі пирсинг,татуировка,қымбатты әшекейлер тағуға,мөлшерден тыс опа-далап пайдалануға болмайды.

Шаш үлгісі классикалық үлгіде жиналу керек;



2. Сабақ кезіндегі тәртіп:

2.1.Оқушылар мұғалім сыныпқа кірген кезде құрмет көрсетіп,тұрып амандасады және мұғалімнің рұқсатымен отырады.Сонымен қатар сабақ кезінде сыныпқа кірген кез келген ересек тұлғамен орнынан тұрып амандасады;

2.2.Сабақ уақытында шулауға,өзін және қасындағы оқушыларды бос сөздермен және басқа да сабаққа қатысты емес мәселелермен алаңдатуға болмайды.Оқушы сұрақ қойып немесе сұраққа жауап бергісі келген жағдайда қол көтеруі керек.Оқушы мұғалімнің барлық қойған талаптарын орындауы қажет:күнделікті ұқыпты ұстап,әр апта соңында ата-аналары күнделікте қол қояды.

2.3.Егер оқушы сабақ уақытында сыныптан шығу керек жағдайында алдымен мұғалімнің рұқсатын сұрауы тиіс.Сабақтың біткені туралы қоңырау мұғалім үшін беріледі.Мұғалім сабақтың аяқталғанын жариялағанда ғана оқушылар орнынан тұрады.Мұғалім немесе басқа үлкен жасты адам сыныптан шыққанда оқушылар орнынан тұрады.



3. Сабақ басталғанға дейін,үзілістерде және аяқталғаннан кейінгі тәртібі.

3.1.Сыныпқа қоңыраудан бұрын кіру тиіс,қоңыраудан соң сыныпқа тек мұғалімнің рұқсатымен кіреді;сонымен қатар сабақ уақытында немесе бақылау жұмысы кезінде телефон құрылғыларымен пайдалануға рұқсат етілмейді,телефон жоғалған жағдайда мектеп әкімшілігі жауапты болмайды.

3.2.Үзілістер (қоңырау) кезінде оқушы міндеттері:

Өзінің жұмыс орнында тазалық пен тәртіп орнату;сыныптан шығу;мектеп қызметкерлері мен педагогтердің қойған талаптарына бағыну;педагогтің өтініші бойынша сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектеседі,мектепте және мектеп территориясында құқыққа қарсы іс әрекеттер жасауға болмайды ;себепсіз сабақты қалдырмау (сабақты қалдырған жағдайда оны растайтын құжат көрсету).

3.3.Терезенің қасында орналасқан баспалдақтарда және басқа да ойнауға жарамайтын жерлерде жүгіруге болмайды;бір-бірін итеріп,заттар лақтырып,бір-біріне күш қолдануға болмайды;әдепсіз сөздер айтып,шулап,басқа демалып жатқандарға кедергі келтіруге;мектеп немесе мектеп территориясында алкогольды сусындар ішуге,темекі тарту,есірткі қолдану істеріне жол бермейді.

3.4.Сынып бойынша кезекші:

Қоңырау кезінде сыныпта болу,сыныпта тәртіп қамтамасыз ету,педагогке сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектесу,сабақ біткеннен кейін сыныпты жинақтау;санитарлық талаптарға сай жағдайларды сақтау.

3.5.Оқушылар асханада болған кезде:

Мұғаліммен асхана қызметкерлерінің талаптарына бағыну,ыстық және сұйық тамақтарды алу барысында назар аударып, сақтықпен қолдану;асханада алынған тағамдарды тек қана асханада тамақтанады;тамақ ішіп болғаннан кейін үстелді жинайды;

4. Қорытынды

4.1.Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді;

4.2.Оқушылар мектепішілік іс-шаралар өту барысында немесе мектеп территориясында орналасқан кезде өзінің және айналасындағы адамдардың өміріне, денсаулығына қауіпті істер жасауға құқығы жоқ.

4.3.Осы Ереже мектеп территориясында және мектепішілік іс-шараларда қатаң сақталады;

4.4.Осы Ереже мен мектеп Жарғысын бұзғаны үшін оқушылар жауапкершілікке тартылады.

5. Тәртіптік жауапкершілік ережелері:

5.1. Ата-аналарға ескерту;

5.2. Ата-аналарды мектепке шақыру;

5.3. Мектепішілік құқық бұзушылыққа байланысты комиссия отырысына шақыру (оқушы,ата-ана);

5.4. Айналадағыларға қауіп төндіретін тәртіпті тоқтату мақсатында шешім қабылдау үшін Бала құқын қорғау бойынша әкімдіктегі комиссияға шақыру (оқушы,ата-ана);

6. Ата-аналар міндеті:

6.1. Жарғы және мектептің локальдік акт талаптарын орындау;

6.2. Балалардың дене және интеллектуалдық,әдептілік ұстанымдарын дамыту мақсатында өмірі мен оқуларына қолайлы жағдай жасау;

6.3. Бес (алты) жасты балаларға мектепалды даярлық жағдайларын қамтамасыз ету,алты (жеті) жасынан жалпы білім беру ұйымына орналастыру;

6.4. Мектеппен бірлесе қызмет ету;

6.5. Оқушылардың сабаққа қатысуын қамтамасыз ету.



Гимназия директоры М.А.Касенова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет