Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы Химия пәні бойынша дидактикалық материалдар


VІІ тақырып бойынша қосымша тапсырмалар



бет32/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#95310
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
VІІ тақырып бойынша қосымша тапсырмалар.
I нұсқа

  1. Салыстырмалы молекулалық массасы мынаған тең, қаныққан көмірсутектердің молекулалық формулаларын жазыңдар: А) оттегінің салыстырмалы атомдық массасына тең; Б) көмірқышқыл газының салыстырмалы молекулалық массасына тең; В) магний гидроксидінің салыстырмалы молекулалық массасына тең; Г) СаS салыстырмалы молекулалық массасына тең

  2. Мұнайдың практикалық маңызы қандай?

  3. Қанықпаған көмірсутектерді алуға болатын реакция теңдеуін жазыңдар

  4. Натуралды каучуктың құрамын, физикалық қасиетін және қолданылуын көрсетіңдер.

  5. Метан үшін есептеңдер: А) ондағы элементтердің массалық қүлесін; Б) оның 4 г. (қ.ж.) көлемі

  6. алыстырмалы молекулалық массасы мынаған тең, қаныққан көмірсутектердің молекулалық формулаларын жазыңдар: А) N2 салыстырмалы молекулалық массасына тең; Б) көмірқышқыл газының салыстырмалы молекулалық массасына тең; В) магний гидроксидінің салыстырмалы молекулалық массасына тең; Г) MgCO3 салыстырмалы молекулалық массасына тең

  7. Этанды этилен қоспасынан қалай тазартады? Жауабын химиялық реакция теңдеулері бойынша жазыңдар

  8. Ацетиленнің және оның негізінде алынған материалдың аса маңызды қолдану облысы қандай?

  9. Төменде келтірілген формулаларды қосылыстардың класы бойынша заттарға бөліңдер және оларды атаңдар:

А) СН3- СН3 Б) СН= СН В) СН3- СН= СН2 Г) Н3С- СН2- СН2 Д) СН2 =СН2
׀
СН2- СН3
Е) СН3- СН2
׀
СН3


  1. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

СН4→ С2Н2→ С2Н4→ С2Н6→ СО2

С6Н6

  1. Ацетиленнің кейбір көлемі 39 г. массасы болады. Осындай көлемдегі (қ.ж.) пропиннің массасын есептеңдер.

  2. Келесі заттардағы элементтердің массалық үлесін есептеңдер: А) Этанол; Б) Бутанол; В) Сірке қышқылы.

  3. Төменде келтірілген заттардың формуласынан тек спирттердің формуласын теріп жазыңдар және оларды атаңдар:

А) С6Н6 Б) СН3ОН В)С2Н4 Г) С4Н9ОН Д) СН3-СНО

  1. Спирттердің атомдылығы немен анықталады?

  2. Ақуыз молекуласы қандай элементтер атомынан құралған? Ақуыздар қандай химиялық қасиет көрсетеді?

  3. Ақуыздың біріншілік, екіншілік және үшіншілік құрылымы нені білдіреді? Әрбір құрылымға қандай байланыс сәйкес?

  4. Пробиркалардың біреуінде сабын ерітіндісі, ал екіншісінде жуғыш ұнтақ бар. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады? Жұмыстың жоспарын құраңдар және болатын құбылысты жазыңдар

  5. 20 л. (қ.ж.) көлемі бар этиленді гидрлеу кезінде 18 л. этан алынды. Этанның шығымының көлемдік үлесін есептеңдер.

Жауабы: 90%

  1. Бромныі 1,6% массалық үлесі бар бром суының қандай массасы 1,12(қ.ж.) көлемі пропиленді түссіздендіреді? Жауабы: 500 г.

  2. Этиленнің кейбір көлемінде 7 г. массасы болады. Осындай көлемдегі пропиленнің (қ.ж.) массасын есептеңдер. Жауабы: 10,5 г

  3. 92 г. таза этил спиртінен (қ.ж.) 42 л. этилен спиртін алды. Оның шығымының көлемдік үлесін есептеңдер.Жауабы: 93,75%

  4. 20 л. этен қоспасын этинмен толық гидрлеу үшін қанша көлем сутегі жұмсалады? Қоспадағы этиннің көлемдік үлесі 40% құрайды. Жауабы: 28 л.

  5. 39 г. бензолдан қанша масса бромбензол алуға болады? Бромбензолдың шығымы 64 % құрайды. Жауабы: 50,2 г.

  6. (қ.ж.) 25 л. ацетиленнен 16 г. бензол алды. Оның шығымының көлемдік үлесін есептеңдер. Жауабы: 55,2%

  7. 8 г. магний сірке қышқылымен әрекеттескен кезде қанша көлем сутегі бөлінеді? Жауабы: 7,5л.

  8. 92 г. этил спирті бромсутегінің артық мөлшерімен әрекеттескен кезде қанша масса бромэтан түзіледі? Реакция өнімінің шығымының массалық үлесі 85% құрайды. Жауабы: 185,3 г.

  9. 90 г. сірке қышқылы метил спиртімен әрекеттесу нәтижесінде 100 г. күрделі эфир түзілді. Эфир шығымының массалық үлесін есептеңдер. Жауабы: 90%

  10. 90 г. сірке қышқылы альдегидін сутегімен тотықсыздандырған кезде 82 г. этил спирті алынды. Спирт шығымының массалық үлесін есептеңдер. Жауабы: 87%

  11. Картопта крахмалдың массалық үлесі 20% 160 г. картоптан қанша масса глюкоза алуға болады? Жауабы: 360 г.

  12. Егер шығымның массалық үлесі 75% құраса, 81 г. крахмалдан қанша масса глюкоза алуға болады? Жауабы: 67,5г.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет