Ата-аналар жиналысының хаттамасы №2 14. 11. 2019ж. Қызылорда қаласы



Дата08.02.2020
өлшемі18,42 Kb.
#57420
Байланысты:
Ата

Ата-аналар жиналысының хаттамасы №2
14.11.2019ж. Қызылорда қаласы
Қатысқандар:

Сынып жетекші – Ә.Арғынбаева .

Ата-аналар – 24

Хатшы – Ә.Даненова



Күн тәртібінде қаралған мәселе:


  1. І тоқсан қорытындысы. /Арғынбаева Ә.М/

  2. Сыныптағы оқушылардың үлгерімі, үздік және екпінді оқушыларды атап өту.

  3. Әртүрлі мәселелер.


Тыңдалды:

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі Құдабаева Жанат ата-аналарға І-тоқсанның қорытындысын айтып өтті. І-тоқсанды 13 қыз бала және 11 ұл бала барлығы 24 оқушымен аяқтады. Каллиграфиясы төмен, оқу шапшаңдығы төмен оқушылар аның ата-аналарына балаларын сабақтан тыс уақытта сабақтарын қадағалау тапсырылды.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі: Арғынбаева Ә ата-аналарға оқушылардың үлгерімі туралы айтты. Үздік-7 оқушы, екпінді-11 оқушы, қалған 6оқушы қанағаттанарлық ,білім сапасы 75% деп атап өтті.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша ата-аналарға оқу бағдарламасы, оқулықтар, кітап, дәптермен жұмыс жүргізілуі туралы айтылды. Оқулықтарды таза ұстау, қаптап, күнделіктерін толытырып жүру тапсырылды.



Шешім:


  1. І-тоқсан қорытындысы «қанағаттанарлық» деп табылсын.

  2. І-тоқсан қорытындысы бойынша 2 «Ә» сынып ата-аналарына үйдегі уақытта балаларының сабақтарын қадағалау жүктелсін.

  3. Оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау сынып жетекшісіне жүктелсін.


Жиналыс төрайымы: Ә.Арғынбаева а
Хатшы: Ә.Даненова

Ата-аналар жиналысының хаттамасы №3
16.01.2019ж. Қызылорда қаласы
Қатысқандар:

Сынып жетекші – Ә.Арғынбаева.

Ата-аналар – 24

Хатшы – Ә.Даненова



Күн тәртібінде қаралған мәселе:


  1. ІІ тоқсан қорытындысы. /Ә.Арғынбаева /

  2. Дөңгелек үстел: «Мен және менің балам». / Ә.Арғынбаева /

  3. Әртүрлі мәселелер.


Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сынып жетекшісі Әйгерім Арғынбаева ІІ тоқсан қорытындысымен ата-аналарды таныстырып өтті. Сыныпта 24 оқушы бар, олардың 12 қыз бала, 12 ұл бала. ІІ тоқсанның қорытындысын айтып өтті. ІІ тоқсан бойынша оқушылардың білім деңгейі айтылды. Кейбір оқушыларға үйден көп көмек қажет етеді.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша ата –аналармен «Мен және менің балам» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, ата-аналарға өз баласының ерекшелігін білуге, оның жан дүниесін түсінуге, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші әрі мұғалім ретінде қарауға жауапкершілігін арттыру.  Дөңгелек үстелге ата-аналар белсене қатысты.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша әр түрлі мәселелер қозғалды. Ата-аналарға оқушылардың мектеп формасын, тазалығын, сабағын, мектепке келіп-кетуін қадағалау туралы айтылды.

Сөз сөйлегендер:

Ата-ана Хадиша:


  • Жанат апайдың өткізген дөңгелек үстелі өте қызықты өтті. Дөңгелек үстел жақсы деңгейде өтті. Қызықты тренингтер ұйымдастырылып, баламызды сипап сезу арқылы танып, сурет салып көңіліміз бір көтеріліп қалды. Осындай дөңгелек үстелдер жиі өткізіліп тұрса деген тілек білдіреміз. Сонымен қатар қызым Айдананың сабағын үйдегі уақытта қадағалап отырамын.

Ата-ана Айжан:

  • Дөңгелек үстел мағанда ұнады. Енді алдағы уақытта баламмен папасы ретінде емес, досы ретінде қарым-қатынас жасауға тырысамын. Ұлым Айдынның математикадан есеп шығаруда көп қателіктер жіберетінін білемін. Қосымшаға беріпте жүрміз.


Шешім:

  1. ІІ тоқсан қорытындысы «жақсы» деп табылсын.

  2. Отбасындағы ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту ата-анаға жүктелсін.

  3. Оқушылардың сабақ үлгерімі, тәртібі, тазалығын қадағалап отыру сынып жетекшісі мен ата-аналарға жүктелсін.


Жиналыс төрайымы: Ә.Арғынбаева

Хатшы: Ә.Даненова

Ата-аналар жиналысының хаттамасы №1
06.09.2019ж.
Қатысқандар:

Сынып жетекші – Ә.Арғынбаева.

Ата-аналар –24

Хатшы – Ә.Даненова.



Күн тәртібінде қаралған мәселе:
1. Ата-анамен жұмыстың жылдық жоспарын жасақтау.

2. Ата-ана комитетін сайлау



  1. Әртүрлі мәселелер.


Тыңдалды:

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі Арғынбаева Әйгерім ата-аналарды жылдық жоспармен таныстырды. Ата-аналарыға балаларын сабақтан тыс уақытта сабақтарын қадағалау тапсырылды.


Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі: Арғынбаева Әйгерім ата-аналар комитетін сайлау.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша ата-аналарға оқу бағдарламасы, оқулықтар, кітап, дәптермен жұмыс жүргізілуі туралы айтылды. Оқулықтарды таза ұстау, қаптап, күнделіктерін толытырып жүру тапсырылды.



Шешім:


  1. Ата-анамен жүргізілетін жұмыстың жылдық жоспары бекітілсін.

2 Ата-аналар комитетінің құрамы:

Төрайымы: Садыханова Самал.

Мүшелері: Мұстафаева Ляззат, Калхаева Рахима.

3 Оқушылардың мектеп формасымен келуі, ішкі тәртіп ережелерін орындауы ата-аналармен сынып жетекшісіне жүктелсін.



Жиналыс төрайымы: Арғынбаева Әйгерім
Хатшы: Даненова Әсел

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет