Ата-аналар жиналысының жоспары Мектеп: 29 ом сынып: 7«ә» Мерзімі



бет4/4
Дата24.11.2023
өлшемі11,13 Mb.
#193395
1   2   3   4
Байланысты:
ата аналар жиналысы 09.11

-Бала өміріндегі әкенің рөлі. Әке отбасында ең басты орынды иеленеді. .Дана, көреген болу – ер азаматтың қуаты, Ер азаматтың мінез-құлқы тәртіптілік пен даналыққа үйретеді. Ер азамат – отбасының сыртқы қуаты, сондықтан да ол баласын сыртқы әлеммен таныстырып, оны ақиқатқа және дұрыс әрекетке үйретеді.
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі ең негізгі міндеті болып, дұрыс мінез-құлқын қалыптастыру және бала тәрбиесінде барлық іс-әрекеттер өз шекарасынан шықпауы тиіс. Әркезеде сүйіспеншілік пен тәртіп болуы тиіс.
Қыз баланың тәрбиесі: Ұлтымызда қыз баланы тәрбиелеуде аса мұқият көңіл бөлген. Кішкентай кезінен бастап тазалыққа, адалдыққа, бауырмалдыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеп отырған. Сондай-ақ мына мақалдар: «Қызға қырық үйден тыйм»дегенде қыздың инабатты, тәрбиелі болуын қадағалаған. «Қыз бала -қонақ» деп оны төрге отырғызып құрметін көрсете білген.
Ұл баланың тәрбиесі: Ұл балаларды батылдық пен қайсар мінезді етіп өсіру мақсатында бала күнінен бастап, бір сөзді болуға тәрбиелеген. «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді» деген мақал ұл балалардың ережесі секілді қалыптасып келген. Сонымен бірге «Жігітке жеті өнерде аз» деген ұстаныммен ұлдарды өмірдің қандай болмасын сынағынан сүрінбеуді,өз қолынан келетін ісі арқылы отбасына, бүтіндей бір ауылға пайдасы тиетіндей етіп өнерге баулыған.
3.Бейнефильмнен үзінді көрсету.
«Соқыр ана»
Фильмді көріп болған соң, осы бейнебаяннан құндылықтарды ажырату. Мағынасын ашу.



Талдау
Алдын-ала берілген сауалнаманы жинап алу.

Топтық жұмыс: Отбасында қиянат жасамауға байланысты 5 құндылыққа байланысты 5 ереже шығарту.
Топпен ән айту Р.Әлғожаның
Қос бәйтерегім 
Әкешім дана болған биік шыңым, 
Үйреткен мына өмірдің барлық сырын. 
Жер бетін кезгенменен, сендердің көздеріңнен, 
Төгілген жылылықты ешкімнен сезбедім мен. 2рет 

Анашым ақ сүт беріп мәпелеген, 
Кешірген көп кетсе де қате менен. 
Анамның алақаны, әкемнің қарағаны
Ұқтырды біз екенін бақытқа балағаны. 2рет 

Сендердің арқаларың жүргеніміз 
Алаңсыз бұл өмірде күлгеніміз 
Менің қос бәйтерегім сендерсіз қайтер едім 
Әрқашан бірге болсақ түгел ғой бар керегім.2рет .
Үй тапсырмасы
Балаңызды жақсы көретінізді күнделікті әрекетпен және сөзбен жеткізуге тырысыңыз. Оқудағы жетістігіне бірге қуануды ұмытпаңыз. Келесі біздің жиналысымызға бүгінгі күннен бастап балаңызға деген қарым-қатынасыңыздан қандай өзгерістерді байқадыңыз, соны жазып келу тапсырылады.


Жиналыстың қорытынды сәті: Баяу ән қосылады.
-көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі жиналысымызды есімізге түсірейік: Ақиқат, Сүйіспеншілік, Ішкі тыныштық, Дұрыс әрекет және Қиянат жасамау құндылықтарын жүрегімізге жеткізіп, оны сақтайық.
Жайлап көздеріңізді ашуға болады.
Семинардың соңында сауалнамаға жауап берулеріңізді өтінемін.
Семинарға белсенді ат салысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Рақмет!

















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет