«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.
(сананың құрылымы, сана арқылы оқыту, сананы тазарту)
1. Әлемдік тарихи ретроспективтегі рухани-адамгершілік білім беру. «Өмір әдебі». «Біз күнделікті тұрмысымызды Мейірім, Риясыз сүйіспеншілік, Қайырымдылық, Кешірім, Шыдамдылық деп танылатын адам табиғатының бағалы қасиеттерімен толтыруымыз керек». С.А.Назарбаева.
2.Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының адамзаттық рухани-адамгершілік мұрасын оқытудың ерекшеліктері.
Цитаттар, ғұлама ұстаздардың адамзат туралы ойлары: Ф. Милетский, Сократ, Платон, Рене Декарт, әл-Фараби, Бұхар-жырау, Қалқаман-ұлы, Абай Кұнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев.
3.Сана арқылы оқыту. Сананың құрлымы. Сананы тазарту. Сананың жоғары деңгейлерін қарастыратын ізгілік психологиясы. Зерттеулер А.Маслоу, К.Г.Юнг, Ш.А.Амонашвили, әл-Фараби, Ш.Құдайбердиев.
Білім беру, ойлау және түсіну үдерісі-олардың бәрі сананың ішінде болады.Санаға бес сезім мүшесі басты әсер етеді: оның ішіндегі екеуі –көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады және білім беру үдерісінің маңызды бөлігін құрайды. Сыртқы әлемнен алынған ақпарат бес сезім мүшесі арқылы түпкі санаға келіп түседі де, онда психоэмоционалдық реңге ие болады. Сондай-ақ түпкі санаға келіп түскен ақпаратты біз қалай қорытамыз, солай біздің эмоциялық күйіміз байқалады. Эмоциямыз жақсы күйде ол жоғары санада, интуициямыз жақсы жұмыс істейді. Рухани деңгейге жетеді.
«Өзін рухани өмірге арнаған адам үшін ең қиыны- САНАны жоғары деңгейінде қол жеткізу ғана емес, оны ұстана білу». Омраам Микаэль. Айванхов (1900-1986)
Демек, біз үнемі санамызды тазарту үшін жақсы ойлар ойлап қана емес, соны іс жүзінде қолдана білуіміз қажет екен.
Сананы тазартуымыз керек. Стакан туралы айту. Сөз маржандарын оқу.
2.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар.
(ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау)
1.Абсолюттік яғни өзгермейтін жалпыадамзаттық құндылықтар.
Құндылықтар Т.И Петракова бойынша 3-ке бөлінеді: табиғи, жүре пайда болған, абсолюттік құндылықтар.
Жалпыадамзаттық құндылықтар.
Ақиқат
Сүйіспеншілік
Дұрыс әрекет
Ішкі тыныштық
Қиянат жасамау
Құндылық ағашы: адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныштық пайда болады, ішкі тыныштығы бар адам ешкімге қиянат жасамайды.
Жалпыадамзаттық құндылықтардың адам өмірінде көрінуі. Ұлы Педагогтар Адамзатқа өздерінің зерттеулерін сөзбен ғана емес, іспен де көрсетті. Ойлау, сөз және іс әрекеттің бірлігін көрсету. Жалпыадамзаттық құндылықтарды түсіну және ұғыну барлық адамдардың бірігуі туралы ақиқатқа апарар жол. Жалпыадамзаттық құндылықтың және адам тұлғасының құрлымы.
Дұрыс әрекет – физикалық деңгей.
Ішкі тыныштық – эмоциялық деңгей.
Сүйіспеншілік – адамгершілік деңгей.
Ақиқат – интеллектуалдық деңгей.
Қиянат жасамау – рухани деңгей.
Достарыңызбен бөлісу: |