Кооперация” – ата-ананың қарым-қатынасының әлеуметтiк тiлектiк бейнесi” Бұл шкала мазмұны былай ашылады: ата-ана баланың iсi мен жоспарларына қызығушылық бiлдiредi. Балаға барлық жақтан көмек көрсетуге тырысады. Қолдау жасайды. Ата–ана баланың интеллектуалдық, шығармашылық қабiлеттерiн жоғары бағалайды. Оны мақтан тұтады. Ол баланың инициативасын өздiгiнен жұмыс атқаруын қолдайды, онымен тең болуға тырысады. Ата–ана балаға сенiмдiлiк артады, дау –дамай туғызатын сұрақтарда оның көзқарасын ұстануға тырысады.
3.“Симбиоз” – бұл шкала баламен қарым-қатынаста тұлғааралық қашықтықты айшықтайды. Бұл шкала бойынша жоғары ұпай алса ата-ана баламен симбиотикалық қарым-қатынасқа жетуге ұмтылған деп есептеуге болады. Бұл тенденцияның мазмұнын былайша суреттеп айтуға болады: ата-ана өзiн баламен бiр бүтiн екенiн сезiнедi, баланың барлық қажеттерiн қанағаттандыруға ұмтылады, оны өмiрдiң келеңсiздiктерi мен ауыртпалықтарынан қоршайды.
1Авторитарлық – латын тiлiнен аударғанда қазақша өктемдiк, әмiршiлдiк деген мағынаны бiлдiредi.
Ата –ана баласы үшiн әрдайым мазасызданады, оған баласы кiшкентай және дәрменсiз болып көрiнедi. Алдында баланың жеке өздiк жұмыс атқаруына ырық бермегендiктен, уақыт өте келе, ендi жағдайлар еркiмен бала өздiгiнен жұмыс атқара бастағанда ата- ананың мазасыздану жағдайлары.
4.“
Достарыңызбен бөлісу: |